Міне, оқу жылы да аяқталып, жазғы демалыс уақыты жақындап келеді. Кезекті мектеп оқушыларының жазғы каникулын қалай өткізуі керек екенін тек ата-аналар мен олардың балалары шешетіні сөзсіз. Кез-келген таңдалған демалыс түрі балалар үшін мүмкіндігінше пайдалы әрі қауіпсіз болуы керек екенін ұмытпағанымыз жөн.
Жыл сайын балаларды сауықтыру ұйымдарын таңдау кезінде ата-аналардың назарына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы тиісті қорытындыны алған балаларды сауықтыру ұйымдарының тізімі орналастырылады.
Осыған орай, Ақмола облысы бойынша 2022 жылдың жазғы маусымында қала сыртындағы 20 балаларды сауықтыру ұйымдарының (БСҰ) қызметі жоспарлануда.
Лагерьлердің санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің барлық талаптарына сәйкес келмеу жағдайларын болдырмау үшін Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыстық білім, денсаулық сақтау басқармаларымен және басқа ведомстволармен бірлесіп, 2022 жылғы жазғы-сауықтыру маусымын өткізу кезінде балаларды сауықтыру ұйымдарында қауіпсіз жағдайларды ұйымдастыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізуде. Атап айтар болсақ, БСҰ-ның жазғы маусымға дайындығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету мәселелері Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасында қаралған. Сондай-ақ, Ақмола облысының білім, денсаулық сақтау басқармасы «2022 жылғы жазғы сауықтыру маусымында балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және балалар мен жасөспірімдерге медициналық-санитарлық қызмет көрсету туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойған. Оған қоса, облыстық білім басқармасымен бірлесіп, мектеп жанындағы лагерьлердің, облыстың балалар сауықтыру ұйымдарының басшыларымен жазғы демалысты ұйымдастыру және жұқпалы жедел ішек ауруларының, коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізілген. Осыған ұқсас семинарлар департаменттің 19 аудандық және қалалық басқармаларында өткізілетін болады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің балаларды сауықтыру ұйымдарында санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтауын бақылау және қадағалау жөніндегі жұмыс та жалғасуда. Осы тұрғыда, ата-аналар балаларын балаларды сауықтыру орталықтарына жібермес бұрын олардағы тұру жағдайлары, тамақтану сапасы, медицина қызметкерінің отыратын бөлігінде барлық санитарлық талаптардың сақталғанына тағы бір көз жеткізгені жөн. Қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің akmoladzpp@dsm.gov.kz. электрондық поштасына хабарласуларыңызға болады. Биылғы жазғы балалар демалысының көңілді де қызықты өтеріне сеніммен қарайық.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.