Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы AMANAT партиясы фракциясының мүшелері ҒалымБекмағамбетов, Елена Мащинская және Омар Шоназаров Көкшетау қаласының №6 мектеп-лицейінің педагогтарымен кездесті.
Ақмола облыстық мәслихатының экономика, бюджет жәнеәлеуметтіксаланыдамытумәселелеріжөніндегітұрақтыкомиссияныңтөрағасыҒалымБекмағамбетоватапөткеніндей, алдағы 5 маусымда болатын референдум жайындағыкездесуқонақтар мен мектеп иелерініңөзарақызығушылығыменөтті.
– Кездесуде мұғалімдер мен дәрігерлер біздің қоғамның ең жоғары кәсіби бөлігі болып табылатыны менің өмірлік тұжырымдамамда тағы бір айқын көз жетті. Бұлкездейсоқемес, әйтпесеосылай болуы мүмкінемес еді. Кездесугебізөзбалаларымыздысенімтапсыратын, өзбілімдерін, іскерліктерін, дағдыларынкүнделіктіеңбектеріменбалаларғаберіп, соларқылыжаңаҚазақстандықұратын болашақ ұрпақты қалыптастыратын жандар қатысты. Мұғалімдер менменіңәріптестерімқысқарепликаларда, түсініктемелерде, пікірлердееліміздің қолданыстағыКонституциясыныңмәтінінеенгізілгентүзетулер мен өзгерістергеөздерініңқолдауынжәнемақұлдауынбілдірді. Бұлретте Президент Қ.К. Тоқаевтыңқоғамдықайтақұрубойыншақабылдағансаясишараларыныңөзектілігі мен дер мезгілділігін атапөтті.
Педагогтар түзетулердің мазмұны мен мағынасына жоғары құзыреттілігін танытты. Конституциялық реформаның бағыттары: суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін өзгерту, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуді мұғалімдер қолдайды. Кездесудің қорытындысы осындай. Мен мұғалімдердің өз ойлары мен іс-әрекеттерінде «Президентпен біз жаңа Қазақстанды бірге құрамыз!» деген құлшыныстың жатқанын сеніммен айтамын, – деп ой бөлісті Ғалым Бекмағамбетов.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.