Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жерден иіп, көктен берсін! - АРҚА АЖАРЫ

Жерден иіп, көктен берсін!

Бұл күндері ақмолалық диқандар жаппай тұқым себу науқанына кірісіп, болашақ өнімнің берік негізін қалауда

 Қазір барлық аудандар назары егістік алқапта. Дәл бүгінгі мәлімет бойынша барлық жоспарлы алқаптың 27 пайызына дән сіңірілді. Жұмыс одан әрі қарқынды түрде жалғасуда.

Шын мәнісінде осы күндері өңірдің ауыл шаруашылығы қызметкерлері алдында бірнеше күрделі мәселелер тұр. Ол- азық түлік қауіпсіздігі үшін күресу және көктемгі дала жұмыстарын сапалы атқарып шығу.

Бұл мақсатқа жер қатынастары мәселелерін реттеп, егістік алқаптар жүйесін ықшамдап, тұқым өндіру саласын жетілдіріп, ауыл шаруашылығы техикасы саласын өркендетіп, диқандарды қажетті техника түрлерімен қамтамасыз етіп, машина-трактор парктерін жаңғырту арқылы қол жетеді.

Соңғы уақытта өңір аграрлық секторында жылдан жылға егіс көлемін ұлғайту үрдісі байқалады. Тек, 2022 жылы ғана жалпы егіс көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 57, 2 мың гектарға өсіп, 5,1 миллион гектарға жетті. Бұған қолданылмай, бос қалған жерлерді қайтару бағытында жүргізілген жұмыстар арқасында қол жетті.

Астық және бұршақ тектес егін алқабы 4,6 миллион гектарды құраса, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 27 мың гектарға көп. Майлы дақылдар 283 мың гектарға егілсе, ол өткен жылғы көрсеткіштен 18,5 мың гектарға артық.

17,4 мың гектарға картоп, 2,7 мың гектарға көкөніс егілді. Бұл өткен жылғыдан сәйкесінше 2,2 мың және 0,4 мың гектарға көбірек.

Мал азығы жүгеріні  қосқанда 184,6 мың гектарды құрайды. Бұл көрсеткіш те 9,1 мың гектарға артық.

Егіннен жоғары өнім алудың тағы бір талабы сапалы тұқым егу екені белгілі. Соңғы уақытта бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінуде. 530 мың тонна егілетін тұқым толық түрде тексерілді. Оның 479,7 мың тоннасы немесе 90,6 пайызы 1-ші және 2-ші класты стандартқа сәйкес келетіні анықталды.

Пісу мерзіміне тоқталар болсақ, егілер дәннің 8,1 пайызы ерте пісетін сұрыпқа, 39,2 пайызы орташа ерте, 28,2 пайызы орташа, 24,5 пайызы орташа кеш пісетін дәнге жатады.

Мол егінге келесі бір себебі тиер сала минералдық тыңайтқыштар. Ағымдағы жылы тыңайтқыштар алуға 3,2 миллиард теңге бөлінген. 2021 жылы өңір бойынша 90 мың тонна минералдық тыңайтқыштар пайдаланылса, биыл 120 мың тонна немесе өткен жылғыдан 33 пайыз артық тыңайтқыш пайдалану жоспарланып отыр.

Әрине, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуде техниканың үлесі орасан.  Биылғы жылғы көктемгі егіс жұмыстарына 14,8 мың трактор, 16,4 мың дән егу агрегаттары және 1,4 мың  жоғары өнімді дән егу кешендері қатынасады. 2022 жылдың 4 айында  машина-трактор парктеріне 16,6 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 520 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынған. Оның 122-сі тракторлер, 64-і комбайн, 49-ы дән егу кешендері және  285-і әртүрлі техникалар.

Көктемгі  егістің тоқтаусыз жүруіне жанар-жағар майдың жеткілікті болуы ерекше әсер етпек. Биылғы науқанға 76 мың тонна дизельдік отын, 7,8 мың тонна бензин, 4,8 мың тонна дизельдік май қажет. Осы қажеттілікке орай Мемлекеттік бағдарлама бойынша 72 мың тонна дизельдік отынға кепілдік берілді. Бұл барлық қажеттіліктің 95 пайызы. Қазірдің өзінде бөлінген көлемге келісім шартар жасалды.

Мемлекеттік қолдау туралы айта кетсек, 2021 жылдың қортындысымен ауыл шаруашылығын қолдауға 46,7 миллиард теңге, ал ағымдағы жылы 48,1 миллиард теңге субсидия бөлінді. Қазір қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидия төлеу жүзеге асырылуда. «Кең Дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын неселеуге 20,2 миллиард теңгені құраған 240 өтініш қаржыландырылды.

Міне, биылғы көктемгі егіс жұмыстарына облыс осындай үлкен дайындықпен, мемлекет тарапынан үлкен қолдаумен келіп отыр. Техникадан да, жанар-жағар майдан да тапшылық болмауы тиіс. Осындай қолдаулар қанаттандырған өңір диқандары егістік алқапта білек сыбана, құлшыныспен еңбек етуде. Ендеше, іске сәт, диқан!

                                             Серік Жетпісқалиев,

                                    «Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар