Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы Полиция департаментіне жаңа басшысы келді - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы Полиция департаментіне жаңа басшысы келді

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Думан Әшкенұлы Таев тағайындалды.

Жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Таев Думан Әшкенұлы 1967 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің ІІБ ППҚ жеке ротасының милиционері болып бастады.

1991-2004 жылдар аралығында Петропавл қалалық ІІБ әртүрлі жедел лауазымдарда жұмыс істеді.

2004 жылы Есіл ауданының ішкі істер бөлімін басқарды, сол жылы Петропавл қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды.

Әр жылдары СҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, Ғ.Мүсірепов ауданының ІІБ басшысы, Петропавл қаласының ІІБ бастығы, СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы лауазымы-ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы.

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар