«Отаным – әнімді саған сыйлаймын!»

Осындай тақырыпта Көкшетау қаласындағы Біржан сал атындағы музыкалық колледжінде неміс ақыны Доминик Гольманның туғанына 100 жыл толуына орай, оның шығармашылығына арналған халықаралық байқау болып өтті.Өнер додасына ақынның немересі Родольф Бендер демеушілік көрсеткен.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Алғашқы байқау Ақмола облысында бастау алған. Алдағы уақытта аталмыш өнер додасы еліміздің барлық қалаларында өтеді деп жоспарланған. Колледжде өткен байқауғажоғары және орта арнаулыоқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары қатысып, өзара бақ сынасты.

Өнер – жалпыға ортақ. Ол ұлт пен ұлысқа бөлінбейді. Доминик Гольманжүзден астам публицистикалық және әдеби сын мақала, 200-ден астам әңгіме, 600-ге жуық өлең, 10 шақты повесть пен роман жазған. Байқауға қатысушылар «Музыкалық өнер», «Театр өнері», «Көркем сөз»жанрлары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші, байқауда топ жарғандар арасында жеңімпаз атанғандарды атап өтсек дейміз. «Музыкалық өнер» аталымында Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, «Театр өнері» аталымында Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары, «Көркемсөз» жанры бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері жеңімпаз атанды.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар