Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атқарылған жүйелі жұмыстар бар - АРҚА АЖАРЫ

Атқарылған жүйелі жұмыстар бар

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде  Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Мұхамедин «Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберінде аумақтық даму туралы» баяндап, брифинг аясында журналистердің сұрақтарына жауап берді және алдағы жұмыс жоспарларынан сөз қозғады.

  –  Мемлекет басшысының  биылғы Жолдауының астарында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағынан әрі қарай дамуына, әр адамның тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған бағыт-бағдарламалары айқындалды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа Қазақстан – жаңару және жаңғыру жолы» Қазақстан халқына Жолдауының басты мақсаты қуатты мемлекет және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру болып табылады. Ол үшін бізге саяси-экономикалық реформалар мен қоғамдық сананы жаңғырту процесін жалғастыру, уақыт сын-тегеуріндеріне бейімделген сапалы жаңа ұлттық бірегейлікті қалыптастыру қажет.Бүгінде осы мақсаттарға жету үшін ауданда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының белгіленген бағдарламасына сүйене отырып, экономикалық және әлеуметтік даму жолында сеніммен алға қадам басудамыз. Іс жүзінде 2022 жылға қойылған барлық негізгі жоспарлар мен тапсырмалар орындалады деп отырмыз, – деп бастады баяндамасын аудан әкімі.

Егіндікөл ауданы 1970 жылы құрылған. Әкімшілік аумағы 9 ауылдық округ пен ауылдарға бөлінген. Аудан халқы ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі ақпаратқа сүйенсек 5739 адам. Аудан экономикасының құрылымында ауыл шаруашылығы 76,6 пайыз болса, өнеркәсіп 23,4 пайызды құрайды. Мұнда аграрлық секторды дамытуға баса назар бөлінген. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі мал шаруашылығы бойынша 1,1 миллиард теңгені құрайды.

Егіндікөл ауданында ағымдағы жылы 321,5 мың гектар алқапқа жаздық егіс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 10,6 мың гектарға  көп. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 312 мың гектарға себілмекші, бұл 2021 жылдың көрсеткіштерінен 8,6 мың гектарға жоғары.

Аудан бойынша орташа жалақы 204 116 теңге көлемінде. Оның 2021 жылмен салыстырғанда 31 пайызға өскендігін аңғартады. 137 жаңа жұмыс орны ашылған, оның 113-і тұрақты.

Ауданда құрылыс жұмыстары да қарқынды.  Ағымдағы жылы 564 шаршы метр жеке тұрғын үй салынған. Шағын және орта бизнес қызметінің дамуында да алға ілгерілеушілік аңғарылады. Жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны едәуір арта түскен. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ауданда 506 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Жиын барысында аудандағы өзекті мәселелер де ортаға салынды. Аудандағы басты мәселе ауыз судың тапшылығы.     Егіндікөл ауданының тұрғындарына үздіксіз су беруді қамтамасыз ету мәселесін шешу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде, қазіргі уақытта «Қоржынкөл А» және «Агростиль Г» серіктестерінің демеушілік қаражаты есебінен жобалық-сметалық құжат әзірленуде. Ағымдағы жылы Егіндікөл ауылындағы су құбырына 79,1 миллион теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі екен.  Жол мәселесі де назарда деп сендірді аудан басшысы.

– Облыс әкімінің қолдауының арқасында ағымдағы жылы Егіндікөл ауданының ауылдары бойынша кентішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша жұмыстар жалғастырылады, кентішілік автомобиль жолдарына ағымдағы және орташа жөндеу жүргізуге 314,7 миллион теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.  Егіндікөл-Жолан облыстық маңызы бар автомобиль жолын жөндеуге бүгінгі таңда құжаттар әзірленуде.  Осы жобаларды іске асыру қосымша жұмыс орындарын құруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, – дейді ол.

Баспасөз мәслихатында елді мекендерді абаттандыру, ономастика, халықты әлеуметтік қорғау, жайылым мәселелері айтылып, аудан әкімі журналистер қойған сұрақтарға  тұшымды жауап берді.

                                                   Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті  түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар