Қолға алынған істер бүгінгі және ертеңгі ілгерілеудің жолы

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңының кезекті қонағы Ақкөл ауданының әкімі Юрий Куришин болды. Ол «Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберіндегі аумақтық даму туралы» атты тақырыпқа баяндама жасап, брифингке қатысып отырған және баяндаманы онлайн режимде тыңдаған журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Баяндамашы Ақкөл ауданында ағымдағы жылдың төрт айында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталғанын айтты. Тек тұрғын үйлерді уақытында тапсыру жөнінен ғана кешеуілдеу бар.Ауданда өнеркәсіп өнімдері 1,7 миллиард теңгеге өндірілген. Өнеркәсіптің  нақты өнім көлемі 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларына 118,3 пайызды құрады.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 2,6 миллиард теңге болып, нақты өнім көрсеткіші 101,5 пайызды көрсетті. Ал, мал шаруашылығының нақты өнім көрсеткіші 101,5 пайыз. Өсім ет, сүт, сиыр, қой, ешкі, жылқы және құс  санының көбейгенінен болып отыр.Ағымдағы жылы 115,0 мың гектар жерге егін егу жоспарланған. Оның 139,0 мың гектары дәнді және бұршақты дәнді дақылдар болмақ. Қазір көктемгі дала жұмыстары басталып та кетті.

Ауданда «Еңбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығы жұмыстарын ойдағыдай жүргізіп келеді. Жұмыс бағыты көпсалалы серіктестіктің бір бағыты сүт өндіру болып табылады. Бүгінгі таңда шаруашылықта 1230 мүйізді ірі қара бар болса, оның 629-ы сауын сиырлар. Серіктестік сүт өндіруден аудандағы ең ірі шаруашылықтың бірінен саналады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 4000 тонна сүт өндірілді. Оның 2,5 тоннасы Павлодар қаласындағы «СҮТ» акционерлік қоғамының қайта өңдеу кәсіпорынына өткізілді.

Шаруашылықта облыс бойынша бірден-бір ерекше жоба – тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу биокешенінің  құрылысы жүріп жатыр. Мұнда тәулігіне 2,5 бас сиыр қорасынан шығарылған қалдықтар қайта өңделіп, 40 текше метр жерге  ірі қара астына төсеуге төсеніш, өз егістік алқабына 100-ден 450 текше  метрге дейін  сұйық  фракциялар – табиғи органикалық тыңайтқыштар өндіріледі. Ол тыңайтқыштарды пайдалану егін шығымдылығына игі әсер етіп отыр. «Еңбек» серіктестігі үш жылда 433,5 мың тонна дән жинады және тұқым дайындаумен де айналысады. Ол үшін «PETKUS» қондырғысы орнатылып, әртүрлі бидай және дәнді дақылдар тұқымдары тазаланып, сатылымға шығарылады.

Негізгі капиталға инвистиция тарту 2,1 миллиард теңгені құрады. Нақты өнім көлемі – 119 пайыз. Құрылыс жұмыстарының ауқымы 519 миллион теңге. 1,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тауар айналымы 2,6 миллиард теңгені құрады.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша ауданда орташа еңбекақы мөлшері 2021 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 38118 теңгеге  өсіп,   211 225 теңге болды. 370 жұмыс орны ашылды, оның 206-сы тұрақты жұмыс орны. Шағын және орта бизнес 5,5 пайызға өсіп, 1420 субъектіні құрап отыр.

Брифингте Юрий Курушин кәсіпкерлік пен әлеуметтік сала бойынша  атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтіп, журналистердің ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, аудан орталығында демалыс  бағын салу, елді мекендерге тарихи атауларын қайтару, өңірдегі бұлақ көздеріне қамқорлық жайы, карьерлерден келер зиянның бары-жоғы туралы сұрақтарына толымды жауап қайтарды.

                                                           Серік САПАРҰЛЫ,

                                                 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар