Мемлекет басшысы 2022 жылы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 31сессиясында жалпыхалықтық референдум өткізуді ұсынды. Мемлекеттік маңызы бар мәселелерге қатысты тікелей халықтың пікірі ескерілетінін, елімізде болатын саяси өзгерістер азаматтардың қатысуымен жүзеге асатынын да атап өтті.
Атап айтқанда, 33 бапқа 56 толықтыру енгізу жоспарланып отыр.
Соған байланысты, Ақмола облыстық өлкетану музейінде Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Айнагүл Балташеваныңжәне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиұлының қатысуымен референдум бойынша түсіндіру кездесуі өткізілді.
–Біз енді Қазақстанның жаңа дәуірін, таза дәуірін бастаймыз! Ендігі қоғамда халықтың сөзі еленеді, халықтың қалауы ескеріледі. Біздің ендігі дәуірімізде Президент отбасы мемлекеттік лауазымнан аулақ болады. Қазіргі заманда, халықтың ең бірінші іздейтіні – адалдық. Сол себепті алдағы өткелі отырған республикалық референдумға дауыс беруге шақырамын, – деді Жабал Ерғалиұлы.
Абылайхан ӘШІМХАН