Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 56-бап - АРҚА АЖАРЫ

Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 56-бап

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 56-бап негізінен Парламент мәжілісінің ерекше қарауына жататын міндеттерге негізделген.

2 тармақ, 4 тармақшадан тұратын бұл бап 2007 жылы толықтай жаңа редакцияда жазылған болатын. Иә, әдеттегідей бұл өзгертуді де қарапайым халық емес, Парламент палаталары өз еркімен өзгерткен еді. Ал осы жолы жаңа жоба бойынша 56-баптың 1-тармағының екі тармақшасы өзгеріске ұсынылды. Өзгерісті референдум арқылы халық өзі жасайды.

Анығырақ айтар болсақ, қазіргі қолданыстағы Конституцияда 56-баптың 1-тармағының 1-тармақшасында Парламент мәжілісі «Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарауға» міндетті болатын. Енді жаңа жоба бойынша Парламент мәжілісі «Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдауға» ғана міндетті болады.

Екінші өзгеріске ұсынылған 56-баптың 1-тармағының 3-тармақшасы. Анығы – тармақша толықтырылды. Бұған дейін 56-баптың 1-тармағының 3-тармақшасы арқылы Парламент мәжілісі «Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлауға» міндетті болса, енді бұған «Жоғары аудиторлық палата төрағасының есебін жылына екі рет тыңдау» міндеті қоса жүктелді.

Аталған заңға ұсынылып отырған екі өзгерту де Мәжілістің халық талабына, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына бір табан жақындай түсетінін көрсетеді.

Сонымен, елдегі ең жоғарғы саяси институттың ерекше міндеттерін айқындайтын 56-бапқа тағы қандай өзгертулер енгізілгенін төменнен оқып көріңіз.

Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.

56-бап

Жаңа нұсқада: 56-баптың 1-тармағында:

1) 1) тармақшадағы «және осы жобаларды қарау» деген сөздер алып тасталсын;

Ескі нұсқада: 56-баптың 1-тармағының 1-тармақшасы

1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;

Жаңа нұсқада: 56-баптың 1-тармағында:

2) мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) Жоғары аудиторлық палата төрағасының есебін жылына екі рет тыңдау;».

Ескі нұсқада: 56-баптың 1-тармағының 3-тармақшасы

3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап47-бап, 50-бап51-бап52-бап53-бап54-бап55-бап.

Дереккөз:  https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-56-bap_278859/

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар