Утиль алымын ескі ставкамен төлесеңіз, «Жасыл даму» үстіндегі ақшаны қайтарып береді

 – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі кәдеге жарату алымының жаңа ставкасы бойынша «Жасыл даму» АҚ-мен консультация өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің міндетін атқарушы 29 сәуірде арнайы бұйрық шығарып, кәдеге жарату төлемінің ставкасын 50%-ға төмендеткен болатын. Жаңа ставка көлемі қандай екенін мына сілтемеден білуге болады. Бұл бұйрық биылғы 14 мамырдан бастап күшіне енді.
«14 мамырдан кейін бұрынғы мөлшерлеме бойынша утильалым төлеген жағдайда «Жасыл даму» АҚ қайта есептеу жүргізеді және Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес артық төленген соманы қайтарады. Дәйексіз ақпаратқа сенбей, күмәнді хаттарға жауап бермеуіңізді, тек ресми дереккөз ақпаратына назар аударуыңызды сұраймыз» деп мәлім етті министрлік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар