Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі жаңғыртылуда - АРҚА АЖАРЫ

Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі жаңғыртылуда

 Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда, өңірлік коммуникациялар қызметінде еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Шериязданов брифинг өткізіп, медициналық-әлеуметтік сараптама құрылымы жайында айтып берді.

Бүгінгі таңда медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі жаңғыртылып жатыр. Ал, мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу тәсілдерін өзгерту, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудегі оңалту бағытын жетілдірумәселелері әлі де болса өзекті.

–Мемлекеттік қызметтің сапасын, объективтілігін және қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қаупін азайту – басты мақсат. Былтыр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді, – дей келе, Нұрлан Шериязданов жүйедегі оң өзгерістерге назар аударды.

2021 жылғы қазанда «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Осындай іс-шаралардың ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесі де бар. Мәселен, бала денсаулығының бұзылу дәрежесін ескере отырып, 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу жұмысы ағымдағы жылдың 25 сәуіріне дейін сәтті аяқталды. Мүгедек балалардың I және II топтары үшін жәрдемақылар мөлшері 16,7 пайыздан 37 пайызға дейін өсірілді. Бұл қолдау шараларыменоблыста 2 мыңнан астам мүгедек бала қамтылды. Сонымен бірге, жұмыс барысында еңбек жарақатын алып, мүгедек болып қалған адамдарды мемлекет есебінен оңалту мәселесі де қарастырылды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны сырттай форматта, автоматтандырылған режимде жүргізуде. Осы пилоттық жобаның шеңберіне сырттай куәландыру жүргізілетін 12 нозологиялық диагноз енгізілген.

Ырысалды ШАМШИЕВА.

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар