Облыс прокуратурасы облыстың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі кешенді тексеру барысында сотталғандардың конституциялық құқықтарының бұзылғанын анықтады.
Атап айтқанда, қылмыстық-атқару, еңбек, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық заңнаманы бұзушылықтары анықталған.
Мысалы, облыс мекемелерінің бірінде жергілікті атқарушы органдардың және мекеме әкімшілігінің кінәсінен әлеуметтік мәнді аурулары (адамның иммун тапшылығы АИТВ вирусы) бар 53 сотталған адамдар мемлекеттен жәрдемақы түрінде өздеріне тиесілі әлеуметтік көмекті алмаған.
Тексеру нәтижесінде қадағалау актілері енгізіліп, 53 сотталған адам ауруы бойынша әлеуметтік көмек алды, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша тәртіптік жауапкершілікке 26, әкімшілік жауапкершілікке 3 ҚАЖ қызметкері тартылды, бұзушылықтар жойылды.
Ақмола облысының прокуратурасы.