«Мейрімді жүрек» облыстық инклюзивті байқау-фестивалінің жүлдегерлері марапатталды

Балалар жылы шеңберінде Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында «Мейрімді жүрек» облыстық инклюзивті байқау-фестивалі өтті.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының қолдауымен өткен байқау-фестиваліне облысымыздың аудан-қалаларынан бес шығармашылық ұжым қатысты. Оның ішінде Аққөл ауданы, Аршалы аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларының өкілдері өнерлерін әлеуметтік желіде бейне баян арқылы ұсынды.

«Мейрімді жүрек» облыстық инклюзивті байқау-фестиваліне белгілі өнер майталмандары Асхат Магавин – қазылар алқасының төрағасы, композитор- Абай Бекмолдин, бөлім басшысы Гульмира Жұмалиева төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша Ақкөл ауданынан «Арт ложки» дуэті, Аршалы ауданынан Гульпа Елизавета, Степногорск қаласынан Сатай Дильназ және Зикратова Лада, Көкшетау қаласынан «Шұғыла» би ұжымы үздік атанды.

«Мейрімді жүрек» облыстық интернет байқау-фестиваліне қатысып жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар