Өмірді сақтандыру – болашаққа деген сенімділік!

«Халық-Life» акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова ақмолалық журналистермен кездесіп, адам өмірін сақтандыру саласындағы өзекті мәселелер және жаңалықтармен бөлісті.

Кездесуде Басқарма төрайымы атап өткендей, қазіргі таңда елімізде өмірді сақтандыруға деген дұрыс көзқарас қалыптаспаған. Оның үстіне сақтандыруға келгенде халықтың сауатының төмендігі де бар. Осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін жасалып отырған кездесудің айтары мен берері мол болды.

«Қаржы жинау мақсатында қазақстандықтар депозиттарға қаржы салады. Соның ішінде балалардың жоғары оқу орындарында оқыту үшін ашылатын дипозитте бар. Бұл депозиттің өсімдік пайызы көптеген банктерде орташа есеппен 1,5 пайыз болса, «Халық-Life»-та 3 пайызды құрайды. Бұл «Халық-Life»-та жиналған қаржыны басқа мақсатта игеру мүмкін емес. Себебі бала оқу орынына түскенен бастап әр жылының төлемін банк өзі іске асырып отырады. Егер де бала оқуға грантқа түссе, онда жинаған қаражаты өзіне үстіне қосылған пайызымен біреге қайтарылады», – деді Жанар Жұбаниязова.

Сонымен бірге, кездесуде адам өмірін сақтандыру да халықтың игілі үшін жасалып отырғаны айтылды.

«Адам өмірін сақтандыруға үрке қараудың қажеті жоқ. «Жаман айтпай жақсы жоқ» демекші, адам өмірі мен мүлікті сақтандыру дамыған шет елдерде дәстүрге айналған. Ертеңгі күнімізді ойлау, балаларымыз бен немерелеріміздің ертеңін ойлау бүгіннен басталады», – деп түйіндеді Жанар Жұбаниязова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар