Жаңадан құрылатын Конституциялық сотқа құқығы бұзылған кез келген азамат жүгіне алады

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Youtube арнасында конституциялық реформа туралы кезекті видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конституциялық реформа қарапайым халыққа не береді? Саясаттан алыс, қарапайым тұрғындар бұдан не ұтады? Конституциялық түзетулердің халқымызға қандай пайдасы бар? Бұл жолғы роликте Мемлекеттік хатшы осы сұрақтарға жауап беруге тырысқан.

«Бұл реформаның оң әсерін еліміздің бүкіл азаматы сезінетін болады. Бірінші. Конституциялық кеңес Конституциялық сот болып қайта құрылады. Ол осы органның атауы ғана өзгереді деген сөз емес. Құзыры одан әлдеқайда ауқымды, мүлде басқа, жаңа институт пайда болады. Конституциялық сот Ата заңға қайшы келетін кез келген заңның немесе өзге де құқықтық актінің күшін жоя алады», – дейді Ерлан Қарин.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар