Балкашин ауылындағы стадионға жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Сандықтау ауданы әкімдігінің мәліметінше, Балкашин ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша стадионды реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Нысанның құрылыс жұмыстары 65 пайызға орындалған. Осы жобаны іске асыруға 345 миллион теңге бөлінді, ағымдағы жылы жұмыстар аяқталатын болады.

Жобада ғимаратты трибуналармен қайта жаңарту, сондай-ақ кешенді абаттандыру, көгалдандыру және жер учаскесінің периметрі бойынша аумақты қоршау көзделген.

Стадион оқу-жаттығу сабақтарын және спорттың әр түрі бойынша аймақтық және жергілікті деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған.

Құрылыс жұмыстарын мердігер «KHS Company Group» ЖШС жүзеге асыруда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар