Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Суға шомылу маусымына дайындық қалай? - АРҚА АЖАРЫ

Суға шомылу маусымына дайындық қалай?

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингке Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Асхат Ақылжанов келіп, «Облыстың шомылу маусымына дайындығы туралы» деген тақырыпта хабарлама жасады.

Ол жазғы маусымда, шомылу кезеңіне төтенше жағдайлар департаментінің дайындығымен судан құтқару, судан келер қауіп-қатерді ескерту бағытында басқарма атқарып жатқан жұмыстар барысына тоқталды. Журналистерге статистикалық мәліметтерге сүйене отырып өткен жылғы мәліметтер таныстырылды. Сол қайғылы оқиғалар, қауіпті сәттер, заң бұзушылықтар қайталанбауы, естен шығарылмауы керек. Негізінен тұрғындар жылма-жыл белгілі бір орынсыз әрекеттерді қайталайды. Атап айтсақ, рұқсат етілмеген, қауіпті жерлерде суға түсу, спирттік ішімдіктер ішіп суға түсу, белгі қойылған жерлерден әрі өтіп суға түсу, балаларды  су жағасында қараусыз қалдыру мәселелері.  Асхат Еркебұланұлы брифинг барысында Төтенше жағдайлар министрлігінде «2022 жылғы суға шомылу маусымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы» мәселе бойынша  жүргізілген түсіндіру жұмыстары  облыстың барлық аймақтарында өткенін хабарлады. Суға түсу маусымының басталуымен «Су объектілері мен су шаруашылығы объектілерінде жаппай демалу, туризм және спортпен айналысуға арналған орындар белгілеу туралы» (22.11.2021 ж., № А-11/591) қаулысына сәйкес, 10 облыста коммуналдық және 59 жеке жағажайларды ашу жоспарлануда екенін баяндады басқарма бастығы.

Қорытындылай келе, «Биылғы жылы шомылу маусымында бұған дейін барынан басқа 9 жаңа ресми жағажай ашу және пайдалану жоспарлануда, оның ішінде 6 коммуналдық (Целиноград ауданы – 3, Бурабай, Ерейментау және Шортанды аудандары – 1), 3 жекеменшік (Біржан сал, Қорғалжын және Есіл аудандары) жағажайлар ашылмақ. «Қазіргі уақытта келісу және заңдастыру мәселесі пысықталуда», – деп хабарлады ол.  Сондай-ақ, Ақмола облысының тұрғындарын сақтық шараларын ұстануға шақырды.

                                                                           Жұлдыз АҒЫБАЙҚЫЗЫ,

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің 2-ші курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар