Балалардың мүдделері мен денсаулығы басты назарда

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарыбалалардың жазғы сауықтыру демалысы әр балаға қолжетімді болуы керек деп нық сеніммен айтып отыр.

Экономика, бюджетжәне әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы шеңберінде халық қалаулылары балалардың демалысын ұйымдастырумен айналысатын қала сыртындағы бірқатар сауықтыру орталықтарында болып қайтты. Жұмыс сапарына комиссия төрағасы ҒалымБекмағамбетов, депутаттар Елена Мащинская, ОмарШоназаров, Қайрат Сұлтанов, АйнагүлБалташева, білім басқармасының қамқорлық, қорғаншылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Марина Ли қатысты.

Осы жылдан бастап ақмолалық мектеп оқушыларының Зеренді шипажай аумағындағы ең жақсы сауықтыру орталықтарының бірінде дем алып, денсаулықтарын жақсарту мүмкіндігі бар. Бұрын «ҚазМұнайГаз» АҚ қарамағында болған «Сұңқар»балаларды сауықтыру орталығы (БСО) Ақмола облысының білім басқармасының балансына, нақтырақ айтқанда, облыстық мәслихат депутаты Айнагүл Балташева басқаратын «Болашақ сарайы» мекемесіне берілген. Басшы әріптестеріне таныстыру экскурсиясын жасады, сонымен қатар, бар проблемалар мен орталықты дамытудың перспективалары жайлы айтты. «Сұңқардың» аумағы мен инфрақұрылымы жақсы әсер етпей қоймайды, ұлттық компания оны дамытуға қомақты қаржы жұмсағаны көрініп-ақ тұр. Бірақ, кейбіркорпустар мен үй-жайларға жөндеу жұмыстарын жүргізу, төсек жабдықтарын сатып алу қажеттігі бар. Тиісінше облыс бюджетінен қосымша қаражат қажет.

А. Балташеваның айтуы бойынша 10 күнге жолдаманың құны 80 мың теңгені құрайды, бірінші кезекте  мұнда халықтық аз қамтылған қатарының балаларын «Жаппай қамту» қоры аясында қабылдайды, олар үшін жолдаманың құны 54 мың теңгені құрайтын болады. Ендігі міндет – мұнда үлгілі ақмолалық оқушыларының демалысын ұйымдастыру, оларға бұрын-соңды бұл орталықта демалудың мүмкіндігіболмаған, себебі, «Сұңқарға» тек Қазақстанның мұнайлы өлкесінің балалары келетін.

1 маусымнан-ақ мұнда бірінші кезең ашылады. Барлығы 10 күннен жеті кезең жоспарланып отыр. Орталықтың сыйымдылығы – 200 бала. Ол дегеніміз, бір жаздың ішінде кемінде 1400 мектеп оқушысы демалады, ал, БСО жыл бойы жұмыс істейтін болады. Қазір орталық басшылығы жергілікті кәсіподақ ұйымдарымен келісім-шарт жасауда, мысалы, «Тыныс» АҚ өз кәсіподағының есебінен қызметкерлердің 75 баласын жіберуді жоспарлап отыр, «Қазпочта» филиалы – 35-ке жуық орынға, «Алтын дала» ЖШС 107 орынға тапсырыс берген.

Ғалым Бекмағамбетов «Сұңқардың» облыс балансына берілуі – Балалар жылына жақсы сыйлық екенін атап өтті. Орталықтың жұмысын, ең алдымен, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолжетімді болатындай етіп ұйымдастыру өте-мөте маңызды.

Депутаттар сапарының келесі бағыты депутат, Ақмола облысы туристік қауымдастығының төрағасы Қайрат Сұлтанов басқаратын «Парус» отбасылық сауықтыру орталығы болды. Мұнда да жыл бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен, тіпті көршілес Ресейден келген балалар демалады.  Жаңа бес қабатты ғимарат салынуда, жазғы маусымның басталуына дайындық қызу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, депутаттар Бурабай курорттық аймағында, Қатаркөл көлінің жағасында орналасқан «Самұрық» жеке меншік БСО-сында болды. 9 гектар аумақта бұрынғы «Приозерный» балалар лагері орналасқан, ол бұрынғысынша негізінен, балалар демалысына бағдарланған. Жазғы маусымға дайындық белсенді жүріп жатыр. Жатын корпустары төрт санатты, екі ашық, бір жабық бассейн, акт залы және спорт алаңдары бар.  Орталықтың иесі Гүлнұр Әбутәліпованың айтуынша, олар жақында ғана несиелерді төлеп болған, сондықтан, күрделі қайта жөндеу мүмкін болмады, бірақ, мұнда ғимараттар кезең-кезеңімен жөнделіп, аумақ толық ретке келтіріледі.

Ғалым Бекмағамбетов жұмыс сапарын қорытындылай келе, балалар демалысы саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың барлық айтылған мәселелері мен проблемалары облыстықмәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қаралатынын атап өтті. Оның пікірінше, мүмкіндігінше тездетіп жеке меншік иелері сатып алған, бірақ, мақсатына сай пайдаланылмайтын бұрынғы БСО-ларды облыс балансына қайтару тетігін ойластыру қажет. Балалардың мүдделері мен денсаулығын қорғау басымдыққа ие болуы керек.

Қарлыға МҰҚАТАЕВА,

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар