Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қант сатуға еш шектеу енгізбейміз – министрлік - АРҚА АЖАРЫ

Қант сатуға еш шектеу енгізбейміз – министрлік

– Қазақстан Үкіметі қант сатуға еш шектеу қоймайды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет ретінде біз ешқандай шектеулер енгізбейміз. Сауда желілері өздерінде тапшылық болмау үшін өз саясатын жүргізеді, сондықтан мұндай ережелерді өздері енгізуі мүмкін. Мәселен, бір қолға 2-3 келіден артық қант сатпау – тікелей өз құқықтары. Егер олар қанттың көп сатылып жатқанын байқаса және келесі жеткізілім тек бір аптадан кейін келсе, дүрлікпе мен тапшылық тудырмау үшін өздерінің ішкі шектеу шараларын жүргізе алады.

Мен сауда желілері үшін пікір білдіре алмаймын», — деді Ержан Қазанбаев тілшілерге берген сұхбатында. Сонымен бірге, Ержан Қазанбаев халықтың қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін қант жеткілікті көлемде болатынын айтты. Бұған дейін Е. Қазанбаев елімізде қант тапшылығы жоқ екенін айтқан еді.

«Кейбір сауда желілеріне қант сәл кеш түсіп, белгілі бір аралықта қант болмауы мүмкін. Қант тапшылығы жоқ және ол болмайды да», — деп түсіндірді комитет төрағасы. Статистика көрсеткендей, өткен аптада қанттың орташа бағасы 450-470 теңге болған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар