Көкшетау жоғары оқу орнының Парасаттылық мектебінің түлектері сертификаттарға ие болды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 2022 жылғы Парасаттылық мектебінің түлектеріне салтанатты түрде сертификаттар табыс етілді.

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін және академиялық адалдықты қалыптастыруға бағытталған қарқынды апталық оқыту нәтижесінде ЖОО-ның 33 студенті курстан өткені туралы сертификат алды.

Салтанатты шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин, университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ғалым Байтук және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының аймақтық филиалының директоры Белла Газдиева қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, студенттер сыбайлас жемқорлықты зерттеудің теориялық негіздерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті бағыттарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың маңызды жаңашылдықтарын қамтитын курстың бай бағдарламасын сәтті орындады. Курс соңында Мектеп қатысушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта эссе жазу арқылы алған білімдерін ортаға салды.

Айта кету керек, 20 сағаттық сабақ курсын университет оқытушылары облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен және Мемлекеттік басқару академиясы филиалының өкілдерімен бірлесіп өткізді. Тыңдаушылар әлеуметтік белсенді студенттер және биыл алғаш рет олардың ата-аналары болды. Сабақтар заманауи интерактивті әдістер мен мультимедиялық жабдықтарды пайдалана отырып өткізілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар