Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары 5 маусымда өтетін референдум бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.
«Amanat» партиясының облыстық филиалы жанындағы референдумды қолдау жөніндегі өңірлік штабты басқаратын экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ғалым Бекмағамбетов, сондай-ақ, депутат Елена Мащинская «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ Ақмола филиалының ұжымымен кездесті.
–Әр кездесуде тыңдаушылардың шынайы қызығушылығы сезіледі. Сондықтан да, көптеген сұрақтар туындауда. Бұл ретте, саяси реформалардың қажеттілігіне ешкімнің күмәні жоқ. Керісінше, құптап, қолдау білдіруде. Теміржолшылардың еңбек ұжымының мүшелері облыс орталығының барлық тұрғындары сияқты ҚР Президенті Қ.Тоқаевты қолдайтындықтарын растады. Референдумның беделін түсірмеу, референдумды ұйымдастыру мен өткізу кезінде еріктіліктің, ашықтық пен объективтіліктің демократиялық қағидаттарын сақтау туралы толғанған теміржолшылар көп мәселелерді депутаттармен бірге пайымдады, – деп ой бөлісті Ғалым Мәдешұлы.
Halyk bank Ақмола филиалының ұжымыменкездесуге Ғ.Бекмағамбетовпен және Е.Машинскаямен бірге Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Мәриям Әбішева да қатысты. Аудиторияның шынайы қызығушылығы мен өздерінің қатысуы халық қалаулыларының ізгі ниетін жеңілдетті. Олардың айтуынша, банк ұжымы Президенттің елді саяси қайта құру, оның ішінде елдің Негізгі заңына өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі бағытын қолдайды.
Сондай-ақ, Ғалым Мәдешұлы Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжі мен балалар музыка мектебінің оқытушыларымен, қызметкерлерімен және жоғары курс студенттеріменкездесті.
– Шынымды айтсам, шығармашылық тұлға бола жүріп, өз тәрбиеленушілеріне арнайы білімімен, іскерлігімен бірге рухани ой салып, кейін біздің қоғамның адамгершілік-этикалық өзегіне айналатын жаңа дарындарды тәрбиелеп отырған адамдарға ерекше ықыласпен қараймын. Кездесу бір деммен өтті, бөлінген 40 минут бір сәт сияқты өте шықты. Мен өзім үшін бұл фактіні өте қарапайым түсіндіремін: біз бір толқында болдық. Иә, бұл Президенттің елді саяси қайта құру жөніндегі стратегиялық бағытын қолдайтын пікірлестер ұжымы. Біздің облыс және қала тұрғындары Мемлекет басшысының реформалары үшін 5 маусымда дауыс беруге келіп қана қоймай, еліміздің Негізгі заңына енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді міндетті түрде қолдайды, – деп атап өтті осы орайда Ғ.Бекмағамбетов.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.