Жарқын болашақ ­балалардан басталады

2022 жылды Мемлекет басшысы балалар жылы деп жариялады. Бұл бастама бүгінде Үкіметтің қаулысымен бекітіліп, республика бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.Ақмола облысында 7 бөлім, 75 тармақтан тұратын балалар жылы бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Облыстық бюджеттен жалпы сомасы 16,6 миллиард теңгегеосы іс-шараларды қаржыландыру көзделген. Атап айтқанда, білім беру саласына 13,7 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде 6 миллиард теңге, білім беру объектілерін салуға, 2,2 миллиард теңгебілім беру объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеуге, 1,2 миллиард теңгеқосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысына, 3,6 миллиард теңгеәлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балалардың тегін тамақтануына, шамамен 700 миллион теңге көзделген, әлеуметтік бейімдеу қызметтерін ұйымдастыруға, аутизмі бар және психикалық-сөйлеу дамуы тежелген балаларды түзетіп қолдауға, мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шараларды, каникул кезеңінде мектеп оқушыларының қала сыртындағы демалысын ұйымдастыруға және басқаларға бөлінді. Сонымен қатар, балалық шақты қолдау мақсатында Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт және мәдениет салаларында облыстық бюджеттен 2,9 миллиард теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта облыста 18 жасқа дейінгі 206 мыңға жуық балабар. Мектепке дейінгі ұйымдарда 37 мың бала тәрбиеленуде, мектептерде 133 мыңға жуық оқушы оқиды, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарында 8 мыңға жуық кәмелетке толмаған бала оқиды. 2022 жылдың соңына дейін облыста 14 білім беру нысаны пайдалануға берілмекші. Олардың алтауы балабақша, төртеуі мектеп және мектепке жапсарластыра салынатын ғимарат, оқу-тәрбие кешені және 2 жатақхана. Биыл салына бастаған тағы 8 білім беру нысаны 2023 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Білім беру объектілерін оқытуға қолайлы жағдай жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 1323,1 миллион теңгеге білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту көзделген.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан 15379 мектеп оқушысын әлеуметтік қолдау және тегін мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін 692 миллион теңге, 1 сыныптың 15074 оқушысын және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан 15379 баланы тегін ыстық тамақпен қамту үшін 3,6 миллиард теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта облыста жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгеге қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс іске асырыла бастады. Бұл бастама 3,5 мыңға жуық баланы шығармашылық үйірмелер мен секциялардың әртүрлі түрлерімен қосымша қамтуға мүмкіндік берді. Тегін қосымша білім берумен мектептер мен балалар шығармашылығы үйлерінің үйірмелері мен секцияларында, аула клубтарында 94947 бала қамтылған.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін ағымдағы жылы 63,3 миллион теңгеден астам сомаға Аршалы, Егіндікөл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын және Біржан сал аудандарында 6 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Есту қабілеті бұзылған балалардың жағдайын жақсарту үшін ағымдағы жылы Көкшетау қаласының №4 облыстық арнайы мектеп-интернатына қосымша ғимарат салуды аяқтау және Көкшетау қаласының №1 облыстық арнайы мектеп-интернатына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған қосымша ғимарат салу жоспарланған.

Аутизм белгілері бар балаларды әлеуметтік бейімдеу, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және түзету арқылы қолдау қызметтерін ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасына, құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарды оңалтуға, жыныстық тәрбие беруге және жасөспірімдердің ерте жүктілігінің профилактикасына бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету, қолайсыз отбасылар қатарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің кешенді жүйесін қалыптастыру жұмыстары жан-жақты қарастырылған. Қазіргі уақытта облыста барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен білім беру жүйесінде және 860 іс-шара өткізіліп, оларда  83300 бала қамтылды.

Қазіргі уақытта облыстың 551 мектебінде 133346 оқушы бар, олардың 15379-ы халықтың әлеуметтік осал топтарынан, 338-і ювеналды полиция есебінде, 592-і мектепішілік есепте, 683-і қолайсыз отбасыларда тәрбиеленуде. Осылайша 17 мыңға жуық бала жазғы кезеңде демалу және сауықтыру іс-шараларымен қамтылады.

«Қазақтуризм» АҚ мәліметінше, облыс аумағында 20 балаларды сауықтыру орталығы бар болса, оның 3-еуі Нұр-Сұлтан қаласында, бірақ білім басқармасының ведомствосында және БҒМ-де орналасқан және 2-еуі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Осы жазда 15 қала сыртындағы орталық, оның ішінде 10 мемлекеттік және 5 жеке орталық жұмыс істейтін болады. Қазір барлық лагерьлер санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Жазғы кезеңде әрбір лагерьде ұзақтығы 10 күн болатын 6-7 ауысым өткізу жоспарлануда.

Ағымдағы жазда жас қазақстандықтар үшін Зеренді ауданындағы «Сұңқар» сауықтыру кешені есігін айқара ашады. Аталған кешен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының балансынан облыстың коммуналдық меншігіне берілді және енді жыл бойы оқушыларды сауықтыруға және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге қабылдайтын болады. Жыл басынан бері аталған орталық 2 мыңға жуық баланы қабылдады. Биылғы жазғы маусымда 2,5 мыңға жуық бала 7 ауысым бойынша дем алады.

Бүгінде мемлекеттік лагерьлерге жолдаманың орташа құны 25-75 мың теңгені құрайды, жекеменшік лагерьлерде – 75-90 мың теңге. Жолдама құнын төмендету үшін 5 мемлекеттік лагерьге жергілікті бизнес субъектілері азық-түлік жеткізуге демеушілік көмек көрсетеді. Тұрақты эпидемиологиялық жағдайда жаз бойы қала сыртындағы лагерьлерде шамамен 11 мың оқушыны қамту жоспарлануда. Аталған балалар санынан 2 мыңға жуық оқушы «Жалпыға міндетті оқу» қоры және демеушілік көмек қаражатынан тегін дем алса, 1500 балақала сыртында салалық кәсіподақтар арқылы,  7 мыңға жуық бала ата-аналар төлемі есебінен  демалады. Жоғарыда аталған қор халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға лагерьлерге жолдамалар сатып алуға 30 миллион теңгеге жуық қаражат жоспарланған. Сондай-ақ, жаз мезгілінде «Балдәурен» республикалық орталығының филиалдарына облыстың 450 оқушысы барады.2,6 мыңға жуық бала ата-аналарымен бірге, ел ішінде және одан тыс жерлерде демалыспен қамтылады. Осылайша барлығы облыстың 24  мыңғажуық баласы демалыспен қамтылатын болады.

Қауіп-қатер тобындағы балаларды және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан балаларды демалыспен қамту үшін жаз бойы 332 аз шығынды нысандарының жұмысы жоспарланған. Бұл өлкетану жорықтары, экскурсиялар, шатырлы, киіз үй лагерлері.Маусымның бірінші жартысында 3650-ге жуық оқушықатысатын 131 өлкетану жорықтары мен экскурсиялар жасалып, 344 оқушыға арналған Көкшетау қаласының шатырлы лагері жұмыс істейтін болады.

Жаз бойы 850 шығармашылық үйірмелер мен студиялар, 1260 еңбек жасақтары, көгалдандыру бригадалары, зияткерлік жұмыспен қамтудың 705 нысаны және 549 спорт секциялары ұйымдастырылады. Мұндай нысандармен 35 мыңға жуық оқушы қамтылады. Мәдениет, спорт және білім беру саласындағы мемлекеттік тапсырысты іске асырудың арқасында облыстағы 8 мыңға жуық балаға үйірмелер мен секцияларға тегін қатысу мүмкіндігі ұсынылды.Бесінші жыл қатарынан қала оқушылары үшін «Бір апта ауылда» жобасы жүзеге асырылуда. Жазда оқушылар осы апта аясында Бұланды ауданының агроөнеркәсіптік кешенімен танысады.

Наурыз айынан бастап облыста ауылдық жерлердегі әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балалары үшін облыстың киелі жерлеріне, мұражайларға және мәдени-демалыс орындарына бару бойынша «Жанды сабақтар» жобасы жұмыс істей бастады. Шілде айында облыс оқушылары үшін Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының тарихи-мәдени орындарына «Тарихтың жанданған сабақтары» атты үш күндік сакралды экскурсиялар өткізіледі. 2019 жылы Қазақстанда алғаш рет Ақмола облыстық білім басқармасы Ресей Федерациясының этникалық қазақтары үшін мектеп оқушыларының Ақмола облысына «Айналайын, Атамекен» сакралды турын ұйымдастырды, осы жоба биыл да жалғасады. Осылайша үйірмелер мен секциялар, еңбек жасақтары және зияткерлік жұмыспен қамту жұмысы арқылы жазғы кезеңде шамамен 117739 оқушы қамтылады.

Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру – адамзаттың алдында тұрған зор міндет.

Бейбіт ЖҮСІПОВ,

Ақмола облыстық

білім басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар