Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалық жастар «Мемлекеттік қызметтегі бір күн» акциясына қатысты - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалық жастар «Мемлекеттік қызметтегі бір күн» акциясына қатысты

Кәсіби мереке — Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында Ақмола облысының мемлекеттік органдарында студенттер мен жұмыссыз жастар үшін «Мемлекеттік қызметтегі бір күн» акциясы ұйымдастырылды.

Акция мемлекеттік қызметке қызығушылықты арттыру, келешегі бар жастарды мемлекеттік органдардағы жұмысқа тарту мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шаралардың мұндай форматы жастарға мамандықтың қыр-сырын зерделеуде танымдық белсенділікті көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл күні акцияға қатысушылар мемлекеттік қызметтің негізгі аспектілерімен танысты, оның ішінде мемлекеттік қызметке түсу, оны өткеру тәртібі, мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік кепілдіктер, оқыту мүмкіндіктері туралы пайдалы мәліметтерге қол жеткізді.
Қазіргі уақытта облыста «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы сәтті іске асырылуда, онда бітіруші курс студенттері кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырады және біліктіліктерін арттырады.

Сондай-ақ, Департамент, ЖОО және мемлекеттік органдар арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум аясында бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының бітіруші курстарының 164 студенті облыстың мемлекеттік органдарында кәсіби тәжірибеден өтуде.

Іске асырылып жатқан барлық жобалардың мақсаты ортақ – ол мемлекеттік аппаратты қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істейтін кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.

Жазира Сейтмағанбетова,
ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар