Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы Құрметті ақмолалықтар! - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығымен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздер туралы айта келе, Елтаңба, Ту және Әнұранымыз біздің тәуелсіздігіміздің жоғары құндылықтарын – бейбітшілік, бірлік, келісім және прогресті сипаттайтынын атап өтті және біздің барлығымыз бірлесіп, халықтың мүдделерін қорғау жолында тұрған мықты, беделді мемлекет құру ісінде жаңа жеңістерге жететіндігімізге сенім білдірді.

Расында, Мемлекеттік рәміздерімізді қабылдаған сәттен бастап қазақтандықтардың барлық жеңістері мен жетістіктері осы құндылықтарымызбен тығыз байланысты болып келеді. Біздің отандастарымыз еліміздің Туын әлемдік спорт сайыстарының және Олимпиадалардың жеңісті жолдарымен алып өтті. Халықаралық интеллектуалдық және шығармашылық конкурстардың беделді алаңдарында да жоғары көтерді. Ең биік тау шыңдарына және ғарыш кеңістігіне шығарды.

Үш онжылдық бойы біздің еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қазақстандық патриоттылықтың, Отанымызға сүйіспеншіліктің, оның тарихына, мемлекеттік тіліне, мәдениеті мен дәстүрлеріне терең құрметтің нышаны болып келеді. Осы үш құндылығымыз ел тарихының ең бір маңызды сәттерінде бізді одан сайын біріктіре түсті. Арада отыз жыл өткенде, яғни, бүгінгі таңда да бұл нышандар әрбір қазақстандық үшін ашық аспанымыздың, туған жерге нұрын құйған алтын күніміздің және туған үйіміздің баламасындай өте қымбат мәнге ие болуда.

Сондықтан да, бұл ұлттық ұлық қадір-қасиетіміз біздің жүректерімізді Отанға, оның тағдырына деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезіміне бөлей отырып, өміріміздің ең маңызды кезеңдерінде де өзімізбен бірге бола түссін дегім келеді.

Құрметті жерлестер! Осы бір жарқын мереке күні сіздерге зор денсаулық, барлық жаңа ой-жоспарларымыздың іске асуы үшін үлкен өмірлік күш-қуат пен жігер тілеймін. Тәуелсіз Қазақстан жерінде әрдайым бақыт, ынтымақ пен береке, бейбітшілік пен бақ-дәулеттің болуына тілектеспін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Біз 4 маусымда маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтеміз.  Биыл олардың ресми қабылданғанына 30 жыл  толады.

1992 жылғы 4 маусым мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі, жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде ел тарихында мәңгі қалады. Біз бәріміз елдің саяси тұрақтылығы мен оның егемендігін білдіретін осы мерекені мақтан тұтамыз.

Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші бейнесін білдіреді, біздің ортақ игілігіміз, қазақстандық патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, оның тарихына, мемлекеттік тіліне, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген терең құрметтің қайнар көзі болып табылады. Біз өз рәміздерімізді қастерлеп, олардың мағынасын білуге міндеттіміз.

Ақмолалықтар мәдениет, спорт, білім салаларындағы түрлі іс-шараларда жеңіске жетіп, халықаралық ареналарда Қазақстанның Туын бірнеше рет биікке көтерді, Олимпиада ойындарында біздің Әнұранымыз бірнеше рет шырқалды.

Құрметті жерлестер, сіздерді осы айтулы күнмен – Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын, мықты денсаулық, бақыт, таусылмас қуат, өмірлік оптимизм және сүйікті Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!

Талғат Жүнісов,

 Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар