Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астанамен іргелес болу қосымша жауапкершілік жүктейді - АРҚА АЖАРЫ

Астанамен іргелес болу қосымша жауапкершілік жүктейді

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов жұмыс сапарымен Аршалы ауданына болып, аудандық мәслихат депутаттарының жұмысымен танысты және өңір бойынша назар аударатын өзекті мәселелерге көңіл бөлді.

Аршалы аудандық мәслихатының хатшысы Ербол Қазбеков депутаттық корпустың жұмысы туралы айтып, облыстық бюджеттен қолдау мен қаржыландыруды талап ететін ең күрделі мәселелер мен проблемаларды атап өтті. Жыл басынан бері тұрақты комиссиялардың үш отырысы өткізіліп, онда 6 өзекті әлеуметтік мәселе қаралып, 18 депутаттық сауал жасалды. Халық қалаулылары, жалпы аудандық мәслихатта олардың саны 11, жерлестеріне 10 606 500 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Аршалы №2 орта мектебінің педагогикалық ұжымы және қызметкерлерімен Т.Жүнісов алдағы референдумға дайындық мәселелерін талқылады, оқу орнында орналасқан сайлау учаскесіне барып, үш жыл бұрын күрделі жөндеуден кейін жаңартылған сыныптарды көрді.

«Baby kids» жеке меншік балабақшасының құрылтайшысы Аида Сәкенова осы мекемеден басқа, тағы екі – «Әдемім» және «Ясмина» балабақшалары бар екенін хабарлады. «Baby kids» осы жылдың сәуір айында ашылып, 90 орынға есептелген.

Аудандағы ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі – «ҚазШпал» АҚ 1994 жылы құрылды және темірбетон бұйымдарын шығарумен айналысады, зауыттың қуаттылығы – жылына 672 000 тонна. Дайын өнімдер елорда, Ақмола және Қарағанды облыстарының нарығында сатылады. Мұнда екі жүзге жуық адам еңбек етеді.

Компания директоры Раиса Иванованың айтуынша, «ҚазШпалдың» негізгі өнімі – темір бетонды шпалдар, бағыттамалы брустар. Сондай-ақ, еден плиталары, іргетас блоктары, қадалар, сақиналар, төселген тастар және темірбетон бұйымдарының басқа түрлері шығарылады. Өзінің шикізат базасы бар: «Сейсембай» құрылыс құмдары мен «Канадыр» тас кен орнын игеруде, 2007 жылы қиыршық тас зауыты салынды және пайдалануға берілді. 25-60 фракциясының қиыршық тастарын темір және автомобиль жолдарын жөндеу және салу кезінде пайдалануға болады.

Т.Жүнісовтың жұмыс сапарының соңғы іс-шарасы «AMANAT» партиясының аумақтық филиалында азаматтарды қабылдауы болды. Кент тұрғыны Әйгерім Толыбаева облыстық мәслихат хатшысына Аршалы кентінің жастар орталығын жөндеуге қаражат бөлуге көмек сұрап жүгінді, 3,8 млн теңгеге бюджеттік өтінім облыстық мәдениет басқармасына жолданды.

Ерұлан Мұсабеков кентішілік жолдарды жөндеу қажеттігіне назар аударды. ТҮКШ аудандық бөлімінің өкілдері хабарлағандай, 524 млн сомаға бюджеттік өтінім облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жолданды.

Аршалылықтардың тұрғын үйлеріне газ құбырын жүргізу туралы мәселені де Е.Мұсабеков көтерді. Талғат Тұрлыбекұлы Аршалыда жұмыстардың басталуы 2022 жылдың соңына жоспарланғанын, қалған елді мекендерде жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттар ресімделетінін, тек содан кейін ғана жұмыстардың жалғасатыны туралы айтуға болатынын атап өтті.

Аршалылықтардың барлық өтініштері мен проблемалық мәселелерін Талғат Тұрлыбекұлы облыстық мәслихат сессиясында бюджетті қарау кезінде көтеруге уәде берді.

«Бүгінгі күні қаралған нысандар жағымды әсер қалдырады. Кәсіпорындардың басшылары мен құрылтайшылары қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасау үшін бар күш-жігерін жұмсауға тырысқаны көрініп тұр.

Барлық еңбек ұжымдарында алдағы референдум жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіздім, сұрақтарға жауап бердім. Аршалылықтардан мемлекетте жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтындықтарын және 5 маусымда еліміздің басты Заңының тағдырын шешетін түзетулер үшін дауыс беру үшін өздерінің сайлау учаскелеріне баруға дайын екендіктерін есту қуантты», – деп түйіндеді Т.Жүнісов.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар