Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

1 маусым күні   Көкшетау қаласындағы  «Ани» кафесінің облыстық №1 арнайы мектеп-интернатының білім алушыларын Халықаралық балаларды қорғау мерекесімен құттықтады. Мерекелік концерт ұйымдастырылып, одан бөлек,  дастархан жайылып, жас бүлдіршіндер қуанышқа бөленді. №20 орта мектептен  100-ге жуық оқушы ұстаздарының жетекшілігімен келіпті. Концерттік бағдарламаның ұйымдастырушылары –  республикалық «Думан» педагогикалық отряды.  Концерт Нұр-Сұлтан қаласындағы отряд басшысы Омар Бекиннің құттықтау сөзімен басталды.

«Думан» педагогикалық отряды мерекелік іс-шараны өткізу барысында ойындар ойнатып, биге деген қызығушылықтарын оятты. Еріктілерден құралған ұйымның негізгі мақсаты – әртүрлі бағыттағы іс-шараларды өткізу.  2015 жылдан бері осы мерекеге орай,  дәстүрлі түрде үйымдастырылып келе жатқан бағдарлама биылғы жылы да жалғасын тапты.

                                                Жұлдыз Ағыбайқызы,

                                       Еуразия ұлттық университетінің

                                                             2 курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар