«Үздік балалар аула клубы» байқауының жүлдегерлері анықталды

Байқау қорытындысы бойынша Көкшетау қаласындағы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы жанындағы «Мирас» балалар аула клубы І дәрежелі дипломмен, Щучинск қаласындағы «Арман» жасөспірімдер мен балалардың шығармашылық орталығы жанындағы «Балғыншақ» балалар аула клубы ІІ дәрежелі дипломмен және Есіл ауданының Свободное ауылындағы «Жастар» балалар аула клубы ІІІ дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шығармашылық байқауға барлығы 10 ұйым қатысты. Байқау барысында балалар инновациялық шығармашылық жобалар, авторлық бағдарламалар, көрмелер, театр қойылымдарын көрсетті.

Байқаудың барлық қатысушылары грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар