Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мамандандырылған гимназия мектебінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі, «Аманат» партиясы жанындағы референдум жөніндегі республикалық штаб мүшесі Жабал Ерғалиев мектеп ұжымымен референдум алды үгіт-насихат жұмысын өткізді. Кездесуді мектеп директоры Ардақ Ахмеджанова кіріспе сөзімен ашты.
– Біз қазір сындарлы кезеңде тұрмыз. Елдің ертеңі бүгінен басталады. Елдің тағдыры таразыда тұрған кезде, жаңа Қазақстанға енейік деп тұрған кезде бәріміз бұл бүкілхалықтық шет қалмау керекпіз. Елдің болашағы – біздің қолымызда. Біз егерде осы өткелі отырған референдумды елемесек, мұндай үлкен мүмкіндік қайтадан тумауы да мүмкін. Біздің ел болып құрғалы отырған жаңа Қазақстан дегеніміз ол – әділеттілік. Жаңа Қазақстан – халық үніне құлақ асатын мемелекет. Әділетті үкімет пен әділетті қоғам құру алдындағы шешуші сайлаудан қалмауларыңызды сұраймын, – деді Жабал Ерғалиев.
–Сонымен қатар, Жабал Ерғалиев мектеп-гимназиясында ашылған сайлау учаскесімен танысты. Ондағы бекітілген дауыс берушілердің саны 1 мың 43 адамды құрайды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы кабинаға дейін қарастырылған.
Абылайхан ӘШІМХАН.