Елдің ертеңі үшін бәріміздің дауысымыз маңызды

Көкшетау қалалық ардагерлер ұйымында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі, Аманат партиясы жанындағы референдум жөніндегі республикалық штабтың мүшесі Жабал Ерғалиев және «Кокшетауминводы» акционерлік қоғамының директоры Станислав Максимец еңбек ардагерлерімен референдум алды талқылау жұмыстарын жүргізді. Кездесуде конституцияға  енгізілгелі отырған өзгертулер мен толықтырулар талқыланды. Сұрақтар қойылды, жауап берілді. Ардагерлер референдум туралы өздерінің пікірлерімен бөлісті.

–Біз жаңа Қазақстан құру алдындағы үлкен бетбұрыстың алдында тұрмыз. Елдің ертеңі үшін бәріміздің дауысымыз маңызды. Сол себепті біз болып, сіз болып, бәріміз референдуға қатысуымыз керек. Референдумның маңыздылығын мен айтпаған күнің өзінде өздеріңіз менен артық білесіздер. Бұрынғы жүйенің кемшін тұстарын иә болмаса ағат қабылданған шешімдерінің зардабын «қаңтар қырғынында» бір адамдай көрдік емес пе? Енді елде дәл сондай қанды оқиға қайталанбас үшін, бәріміз өз болашағымызға жауапкершіліпен қарауымыз керек. Дауыс берейік, жаңа Президентті қолдайық, – деді Жабал Ерғалиев.

Өз кезегінде Станислав Максимец:

–Қазір заман талабына сай адамдардың пікірі әртүрлі. Егер біреу референдумға қарсы дауыс берсе, біз оған сын көзбен қарамауымыз керек. Қазір қоғам сондай… Бұрын «Правда» газеті қандайда бір жаңалықты шығарса, ол шындық болатын. Қазір әлеуметтік желінің ықпалы күшті болып тұр. Кез келген шындығыңды бұрмалап, теріске шығара алады. Ақты қара, қараны ақ қылып көрсете алады. Сол себепті әлеуметтік желідегі қағытпа сөздерге еріп кетпей, референдумға дауыс беруге шақырамын, – деді.

Абылайхан ӘШІМХАН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар