Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәжіліс депутаты жұмыс сапары барысында Ақмола облысының өңірлеріне барды - АРҚА АЖАРЫ

Мәжіліс депутаты жұмыс сапары барысында Ақмола облысының өңірлеріне барды

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин Ақмола облысының өңірлеріне, атап айтқанда, Бұланды, Шортанды және Ақкөл аудандарының азаматтық қорғау гарнизондарына барды.

Естеріңізге сала кетейік, үшінші тәулік бойы Александр Милютин Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесулер өткізіп, ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум туралы әңгімелесулер өткізіп жатыр. Осылайша, халық қалаулысы облыстың ТЖД, Щучинск қаласы жасағының гарнизонына, сондай-ақ облыс орталығының өрт сөндіру бөлімдеріне барған болатын.

«Бүгін жұмыс сапары аяқталуға жақын. Осы уақыт ішінде Александр Милютин біздің қызметкерлерге ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум туралы егжей-тегжейлі айтып берді, бұл үшін біз оған өте ризамыз», – деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитеті және әскери бөлімдер төрағасының орынбасары Алексей Советов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар