Еліміздегі саяси науқан барысын 272 шетелдік байқаушы қадағалауда

Еліміздегі саяси науқан барысын таңғы 07:00-ден бастап 25 ел мен 11 халықаралық ұйымның атынан өкілдік ететін 272 шетелдік байқаушы мұқият қадағалап отыр. Олардың қатарында түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының мүшелері де бар.

Халықаралық байқаушылар елордадағы №314 дауыс беру учаскесінде де болды. Түркия Ұлы ұлттық жиналысының депутаты Режеп Шекер халықтың жоғары белсенділігін ерекше атап өтті.

Реджеп Шекер, Түркия Ұлы ұлттық жиналысының депутаты:

– Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы құрамында Түркия, Әзербайжан және Қырғыз елінің депутаттары бар. Таңертеңнен бірқатар дауыс беру учаскесінде болдық. Референдум тиісті деңгейде өтіп жатыр. Қазақстандықтар жауапкершілікті сезініп, референдумға өте белсенді қатысып жатыр. Конституциялық реформалар Қазақстанның одан әрі дамуына тың серпін беретініне сенімдімін.

Дауыс беру барысын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің Халықаралық байқаушылары да белсенді қадағалап отыр. Халықаралық ұйым Хатшылығының аға маманы Аркадий Кошеев, саяси науқанның ақпараттық дайындығына ерекше баға берді. Сондай-ақ өзі қатысқан учаскелерде ешқандай құқық бұзушылық тіркелмегенін айтты. Шетелдік ұйым өкілдері бас қаладағы тағы бірқатар дауыс беру пункттеріне баруды жоспарлап отыр.

Аркадий Кошеев, АӨСШК Хатшылығының аға маманы:

– Мен бұған дейін бірқатар дауыс беру учаскесінде болдым. Бір байқағаным, ақпараттық дайындық жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бір сөзбен айтқанда, референдумның әрбір қатысушысы үшін қолайлы жағдай қамтылған. Дауыс берушілердің өте белсенді екенін байқадым.

Дереккөз:  24.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар