Бізді жақсы болашақ күтіп тұр

5 маусым 2022 жыл. Бұл-тарихи күн! Бұл жаңаруға, әділетті қоғам орнатуға ниеттенген күн! Конституциялық реформа біздің болашағымызды анықтайтын тарихи қадам.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев осы конституциялық референдумға баруы арқылы қазақ елін жаңа бағытпен,жаңа мақсатпен, жаңа ой-ниетпен, адалдық мен әділдік жолымен дамытуға бет алғаны анық! “Маған халқымның ертең емес бүгін жақсы өмір сүргені керек”, “Маған басы артық биліктің қажеті жоқ”, “Менде өз халқым мен еліме адал қызмет етуден өзге мүдде жоқ” деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы айтқандарынан Мемлекет басшысының туған елі мен халқының мүддесін бәрінен жоғары қойып отырғаны деп білемін.

Кешегі “қаңтар оқиғасы” кезінде өз өміріріне төнген қатерге қарамастан Қазақстанның тәуелсіздігін сақтап қалған Презтдентіміздің тәуелсіздік мүддесіне адал екендігіне еш күман болмауы керек.
Бүгінгі референдумға отбасымызбен ерте барып дауыс бердік, Қолдап дауыс бердік!

Референдум қарсаңында “АМАНАТ” партиясының жанындағы штаб мүшесі ретінде Қорғалжын ауданында, Қосшы қаласында және Көкшетау қаласының түрлі мекемелерінде көптегег кездесулер өткіздім.
Ақмолалықтар тарапынан осы референдумды қолдайтын ниетті сол кездесулер барысында аңдап едім.

Нұр-Сұлтан қаласында референдум марафонына да қатысу құрметіне ие болдым. Осы марафон барысында барлық Қазақстан халқының көтеріңкі көңіл күйін аңдадым. Жүздерінен қуаныш лебі айқын сезіледі, Ол қуанышты болашаққа деген сенім деп қабылдадым. Иа бізді жақсы болашақ күтіп тұр! Өз басым соған сенемін!

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар