ШЫҰ бас хатшысы Қазақстандағы референдум туралы пікір білдірді

– Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 17 байқаушысы Қазақстандағы референдум өтіп жатқан 26 сайлау учаскесіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертең біз бақылау жұмысын бастадық және 5 топқа бөлініп, 26 сайлау учаскесіне бардық. Сайлаушылармен және бақылаушылармен сөйлестік. Референдумның дайындық жұмыстары өте жақсы ұйымдастырылған. Дауыс беру процесі де бір жүйеге келтірілген.

Сайлаушылармен сұхбаттасу барысында олардың референдумға деген құлшынысы мен қызығушылығы бізді таң қалдырды. Тұрғындар көптеп келді деп айта аламыз. Заңнаманы бұзу бойынша ешқандай оқиға тіркелген жоқ және ешқандай шағым немесе өтініш келіп түскен жоқ», – деді Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, референдумға дейін ШЫҰ байқаушылары Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының басшыларымен кездесіп, жан-жақты пікір алмасып, дайындық және ұйымдастыру жұмысының барысымен танысқан. «Қазір референдумға дауыс беру процесі жүріп жатыр, біздің миссия мүшелері өз міндеттерін атқаруда.

Біз өз миссиямызды жауапты түрде орындаймыз және жаңа Қазақстанның және оның халқының игі болашағына қолымыздан келгенше үлес қосамыз», – деді ШЫҰ бас хатшысы. Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясының байқаушылары Қазақстандағы референдумды жоғары қызығушылықпен бақылап отырғанын айтқан еді.

Олар таңғы 7-ден бері референдум учаскелерін аралап жүр. Сонымен бірге, Қырғызстаннан Қазақстанға 15 халықаралық байқаушы келді. Олар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, Жамбыл және Алматы облыстарында жұмыс істеп жатыр. Жалпы Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 272 өкілді байқаушы ретінде аккредиттеген. Референдумдағы байқаушылар арасында ТМД миссиясы көш бастап тұр. Түрлі елдер мен ТМД ұйымдары атынан 144 адам аккредиттелген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар