Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Екі бірдей авторқұқыққа ие болды - АРҚА АЖАРЫ

Екі бірдей авторқұқыққа ие болды

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Әдият Рахметуллин екі бірдей авторлық құқыққа ие болды. Ол өзінің «Күн сәулесі – болашақтың сарқылмас энергиясы» және «Айналамыздағы симметрия» ғылыми жобаларын ұсынды.

–Қазіргі таңда Қазақстанда көп энергия, ресурс ретсіз жұмсалады. Бұл мәселе мені қатты алаңдатады. Күллі елімізді, халықты энергияның баламалы көздерімен қамтамасыз ету қажет. Күн сәулесі – тығырықтан шығар жол. Басында бұл жоба қымбатқа түсуі мүмкін. Алайда біршама уақыт өткеннен кейін ол өзін толыққанды ақтап шығады. Оған қоса, жоба қоршаған орта үшін де қауіпсіз, – дейді Әдият алғашқы жобасы жайында.

Жас ғалымға бұл жобаны әзірлеуге оқыған ғылыми мақаласы әсер еткен екен. Мақалада «бірнеше жылдан кейін энергия көздері таусылуы мүмкін» делінген. Оқушының жұмысына тек күн сәулесі батареялары ғана қажет. «Айналамыздағы симметрия» жобасы да тақырыбының ерекшелігімен көзге түседі. Әдият ол жайында:

–Әр адамның өзінің, бет-әлпетінің симметриясы болады. Біз үшін симметрия өте маңызды әрі қызықты. Алайда біз оған әрдайым мән бере бермейміз. Сондықтан, мен бұл тақырыпты тереңірек зерттеуді жөн көрдім. Адамдар бұның негізгі қағидаттарын түсінсе екен деймін, – деп атап өтті.

Әдияттың айтуынша, жобаларды дайындауға, жазуға, авторлық құқыққа ұсынуға оның анасы Бағдат Рахметулина үлкен үлес қосқан. «Анам маған әрдайым көмектеседі», – дейді ол. Оқушының осы бір сөздерінен кейін анасымен сұхбаттасқанды да жөн көрдік.

–Ұлым жастайынан зерттеуге, ғылымға жақын болып өсті. Әрдайым ізденісте жүреді. Мен оның кез келген бастамаларын қолдауға тырысамын. Аталған жобалар көп жылғы зерттеулердің жемісі. Барлығын жинақтай келе, авторлық құқыққа енді ғана ұсындық, – деп, қуанышымен бөлісті Бағдат Рахметулина.

Сөз соңында Әдият алға қойған жоспарларымен бөлісіп, аталған бағыттар бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Дарынды оқушылармыз бен олардың бастамаларын қолдауға дайын ата-аналарға да сәттілік тілейміз!

Ұлан БАТЫРХАНҰЛЫ,

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар