Облыстық балалар ауруханасына барды

Балаларды қорғау күні Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасында болды.

Пульмонология бөлімшесінде емделіп жатқан бүлдіршіндер мен олардың аналарын тамаша мерекемен – Балаларды қорғау күнімен құттықтай отырып, Талғат Тұрлыбекұлы оларға зор денсаулық, амандық және бақытты балалық шақ тіледі. Ол оларға бос қол келген жоқ, сыйлықтар тапсырды: ой-өрісін дамытатын ойыншықтар, кітаптар, бояулар, қарындаштар, бояу дәптерлері, фломастерлер, пластилин – жалпы, бұлар балаларғааз да болса, науқасын ұмыттыруға және аурухана қабырғаларында уақытты тиімді өткізуге көмектеседі.

Мәслихат хатшысы мекеменің емделушілері мен қызметкерлеріне арнаған сөзінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастамасы бойынша жарияланған Балалар жылында балалық шақ проблемаларына ерекше назар аударылатынын, балалар мекемелерін салу, жөндеу және дамыту, таланттарды қолдау үшін үлкен қаражат бөлінетінін, әлеуметтік осал топтардағы балаларға жаппай көмек көрсетілетінін атап өтті. Балалар жылы бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары 7 бөлім бойынша 75 тармақтан тұрады. Облыстық бюджеттен жалпы сомасы 16,6 миллиард теңгеге осы іс-шараларды қаржыландыру қарастырылған. Оның ішінде білім беру саласындағы іс-шараларға 13,7 миллиард теңге, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт және мәдениет салаларына 2,9 миллиард теңге бөлінді.

–Бұл іс-шаралардың барлығы бір реттік емес және тек Балалар жылының шеңберімен шектелмеуі тиіс екенін түсінеміз. Бұл тұрақты және дәйекті саясат болуы керек, өйткені, қазіргі балалар еліміздің болашағы, олар ертең жаңа Қазақстанды дамытуға тиіс, – деді Т.Жүнісов.

Мекеме директоры Серікжан Сабыралиев қонақтар үшін бөлімдер бойынша шағын экскурсия өткізіп, проблемалық мәселелер туралы айтып берді.  Бүгінгі күні мұнда ғимаратты күрделі жөндеу үшін жобалау-сараптама құжаты дайындалды, оны бюджеттен қаржыландыру қажет. Материалдық-техникалық база, медициналық жабдықтар жаңартуды талап етеді. Барлық медициналық ұйымдар сияқты, кадр тапшылығы да бар. Бірақ, барлық проблемаларға қарамай, бас дәрігер атап өткеніндей, медициналық персонал өз жұмысын зор ынтамен орындауға тырысуда, өйткені,олардың жұмысына ең құнды нәрсе – балалардың өмірі тікелей байланысты.

Талғат Тұрлыбекұлы медицина қызметкерлеріне шыдамдылық, денсаулық және амандық тілеп, қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.

–Облыстық мәслихат депутаттары өз тарапынан қолдап, көмек көрсетуге, барлық тілектеріңіз бен өтініштеріңізді тыңдап, оларды атқарушы билікке жеткізуге дайын, – деді бұл орайда, Т.Жүнісов.

Сонымен қатар, ол жас пациенттердің ата-аналары мен аурухана қызметкерлерін 5 маусымда референдумда біздің өмірімізді өзгертетін және Екінші Республиканы құру үшін Мемлекет басшысы бастаған барлық реформаларды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Конституцияға түзетулер үшін дауыс беруге шақырды.

Медициналық мекеме директоры атап өткеніндей, балалары бар ата-аналар осында дауыс бере алады, аурухананың акт залында бұл үшін  сайлау учаскесі ұйымдастырылған.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар