Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орман өртіне жол бермейік - АРҚА АЖАРЫ

Орман өртіне жол бермейік

Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен аумаққа таралып кетеді. Ауа райының ыстық кездерінде, егер жауын-шашын болмаса, ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін.

Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар, тағы басқалары жатады. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер де өрт тудырып, үлкен зардап шектіреді. Орман өрттерінің болуының негізгі себептері мыналар.

Аңшылықтың салдары. Атқан оқтан бықсып шөп жанып, тұтанады. Механизаторлар орманда өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді. Тұтануға бейім майланған материалды тастап кетеді, техника қауіпсіздігін бұзады, көліктің жанында шылым шегеді . Орман ішінде болған дем алушылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөп, кесілген ағаш қалдықтары бар жерлерге от жағады. Орман қорына  жақын жерлердегі егістің орнын өртейді.

Күннің сәулесі мол түсетін жерлерге шынының сынығын тастап кетеді. Ал, ол жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен қуат алып, құрғақ шөптерді тұтандырады. Құрметті аудан тұрғындары, өрттің тілсіз жау екені және өрт болған жерде көптеген шығындар келтіретіні бәрімізге де белгілі. Осыған орай, көктем, күз мезгілдері өртке өте қолайлы уақыт.

Орман-тоғайларда өрт орын алса, оңайлықпен сөнбейді. Айналасындағы бірнеше метр жерге дейінгі өсімдік ағаштарын, аң-құстардың ұяларын жояды. Сонымен қатар, бау-бақша егу мақсатында егістік жерлерді дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі шараларына онша мән бермей, шөп-шаламды бей-берекет жағудың соңы орман-тоғай өртіне әкеліп соғуы мүмкін.

Тетейхан Молдабек,

орман шебері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар