Жаңа қаланың әкімі есеп берді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қосшы қаласының әкімі Ғайдар Қасенов Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттердің орындалуы, соның ішінде жаңа қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы брифинг өткізді.

Әкім өз сөзінде Қосшы ауылынаоблыстық маңызы бар қала мәртебесінің берілгеніне шілде айының 27жұлдызында бір жыл болатынын мәлімдеді.Ең біріншіқала әкімдігі бой көтерді. Осы күні ол тұрғындарға әрдайым ашық.

Бір жыл көлемінде қаланың инфрақұрылымын дамыту мақсатында елеулі жұмыстар атқарылып жатқаны айтылды. Қаланы дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірлену үстінде. Жоспар аясындамектептер мен балабақшалар, аурухана, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу, инженерлік желілертарту көзделіп отыр. Бұл бюджет қаражаты мен инвесторлар есебінен атқарылады деп жоспарлануда. Қалада 52 мыңдай тұрғын бар. Алайда, электр жарығы мен су жүйелерінің ай сайынғы қолданысына қарағанда, қалада шын мәнінде 80 мыңға жуық тұрғын бар. Олардың көбі елордамыз Нұр-Сұлтанда, болмаса өзге облыстарда тіркеуде.

Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Қазіргі таңда бұл мақсатта Нижероманов су кен орыныжұмыс істеп жатыр. Одан бөлек 17 ұңғыма іске қосылған. Биылғы жылы 6 ұңғыма орнатуға 153 миллионтеңге бөлінді.

Қазіргі уақытта қалада екі мемлекеттік, бір жекеменшік мектеп бар. Ұзын саны 8 мың 63 оқушы білім алуда. Мектептерде орын тапшылығы айқын байқалып отыр. Нақты саны 4 мың 478 орын керек. Бұл мәселенің шешілуі үшін жыл соңына дейін екі мектеп пайдалануға беріледі.

Ал, балабақшаларға келер болсақ, қалада бір мемлекеттік, 27 жекеменшік балабақша бар.Балабақшаға баратын бүлдіршіндердің жалпы саны 3 мың 165 баланы құрайды. 1 мың 213 бүлдіршін балабақшаға кезекте тұр.Биылғы жылы мемлекеттік 280 орындық жаңа балабақша қолданысқа беріледі. Алдағы тамыз айында қалалық емхана да салынып болады. Қосымша қаланың маңайындағы елдімекендердің тұрғындары қарала алатын №3 облыстық аурухана салу жоспарланып отыр.

–Біз облыстық маңызға ие қала болғалы көптеген жұмыстар атқардық. Алайда, шешілмей жатқан мәселелер мен атқарып үлгермеген жұмыстарымыз шаш-етектен екенін өздеріңізде сезіп отырсыздар. Қаламызда мемлекет меншігіндегі жерлердің жоқтығы, одан бөлек облыстық деңгейдегі аурухананың әлі салынбауы қол байлауда. Негізінен, бұл мәселелер өз шешімін табады деп ойлаймын. Қазір біз қаладағы заңсыз салынған үйлерді заңдастырумен жұмыс атқарып жатырмыз.Одан басқа жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үстіндеміз. Қазірдің өзінде қалада үлкен сауда орталықтары, бизнес және мейрамханалар жұмыс істеп жатыр.Халықтың орташа айлығы 300 мың теңгені құрайды. 7 мамырдан бастап«Jana Bastau» атты қоғамдық-саяси газетіміз шыға бастады. Биыл 30 көшеніңатын қазақшалауды жоспарлап отырмыз.Бұйырса, бірер жылда көрікті қала боламыз, – деді Ғайдар Қасенов өз сөзінің соңында.

Абылайхан Әшімхан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар