Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
СҚО-да екі жыл жабық болған шекара бекеті қайта ашылады - АРҚА АЖАРЫ

СҚО-да екі жыл жабық болған шекара бекеті қайта ашылады

– Жақында солтүстікқазақстандықтар Ресейдің Ишим, Түмен, Тобыл және Сургут қалаларына автобуспен бара алады. Пандемияға байланысты екі жыл жабық болған «Қызыл Жар» өткізу пункті ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер көмек сұраған. Пандемияға байланысты айтарлықтай шығын шеккен олар бүгінде жұмыстарын қалпына келтіруге әзір. «СҚО аумағында 4 халықаралық автоөткел бар. Ол Қорған, Челяі, Екатеринбургке апаратын «Жаңа жол» автомобиль өткізу пункті, Ишим, Түмен, Тобыл, Сургутке баратын «Қарақоға» және Омбыға апаратын «Бидайық» бекеті.

Бұл үш өткел сәуір айында ашылды, ал халықаралық автобус жүретін «Қызыл Жар» өткізу пункті жабық болды. Шекара қызметінде бұл бекетті ашу үшін Үкіметтің арнайы қаулысы қажет екенін айтты, сол себепті біз кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрадық», — дейді кәсіпкер Александра Сысоева. Кәсіпкерлердің өтініші ескерусіз қалмай, орталық аппаратқа жіберілді.

«Бірер күн бұрын ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы болып, ол жерде республиканың 7 облысында ҚР Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пунктінің, оның ішінде «Қызыл Жар» автомобиль өткізу бекетінің жұмысын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

Енді осы шешімнің іске асуын күтеміз», – дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ольга Достлер. Петропавлдан пандемияға дейін Ишим, Түмен, Тобыл және Сургут қалаларына 6 автобус жүрген. Екі жылдың ішінде жолаушылар тасымалымен айналысқан кәсіпорындар қызметкерлерінің жартысына жуығынан айырылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар