2022 жылғы 9 маусым күні Балалар жылы аясында және Халықаралық балалар күніне орай «Ол кім? Бұл не?» отбасылық зияткерлік онлайн ойыны өтті. Оған облыстың 6 ауданынан 10 команда барлығы 48 қатысушы қатысты.
Ұйымдастырушы-Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.
Іс-шара білімді кеңейтуге, танымдық қызығушылықты, оқушылардың интеллектісін дамытуға, отбасылық, достық, жолдастық қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қызықты ойынға Аршалы, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Астрахан аудандарының отбасылары қатысты. Ойын барысында қатысушылар ұйымшылдық пен командада жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті.
Облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
І орын – Сандықтау ауданы, «Комета» командасы;
ІІ орын – Қорғалжын ауданы, «Бірлік» командасы;
ІІ орын – Зеренді ауданы, «Летнее настроение» командасы;
ІІ орын – Жақсы ауданы, «Мыслители» командасы;
ІІІ орын – Астрахан ауданы, «Сұңқар» командасы;
ІІІ орын – Сандықтау ауданы, «Арай» командасы;
ІІІ орын – Сандықтау ауданы, «Арман» командасы;
ІІІ орын – Аршалы ауданы, «Банда умников» командасы;
Грамота – Сандықтау ауданы, «Сәуле» командасы;
Грамота – Сандықтау ауданы, «Нурай» командасы.
Жеңімпаздар дипломдармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталады.