Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының министрлік конференциясына төрағалық етіп жатыр

 – Женевада Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Осы конференцияның төрағасы және тең ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы. Министрлік конференция – көпжақты сауда келісімдер шеңберіндегі бүкіл мәселелер бойынша шешім қабылдайтын ДСҰ-ның жоғарғы басқарушы органы. ДСҰ-ның 164 мүшесінің сыртқы саудасына жауапты министрлер әлемдік сауда күн тәртібінің ең өзекті проблемалары бойынша шешімдер қабылдау үшін жиналды.

Еліміздің атынан бұл ДСҰ-ның негізгі халықаралық шарасына ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов төрағалық етеді. Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов басқарады. Қазақстанның МК12 төрағасы болып сайлануы – Қазақстанның халықаралық саудадағы маңызды және беделді ойыншы екенін және ДСҰ алаңында маңызды келіссөздердің негізгі қатысушысы деп танылғанын білдіреді. 2018 жылы ДСҰ 164 мүшесі 2020 жылдың жазында Қазақстанның ел ордасы – Нұр-Сұлтанда 12-ші министрлік конференцияны өткізуді бірауыздан қолдады.

Бұл деңгейдегі іс-шара жақында ұйымға қосылған елде және Орталық Азия елінде ДСҰ тарихында алғаш рет өткізілуі керек еді. Алайда, COVID-19 пандемиясына байланысты іс-шара екі рет кейінге қалдырылды және оны ДСҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде өткізу туралы шешім қабылданды. Конференцияға қатысушылар COVID-19 пандемиясына жауап беру, ауыл шаруашылығы және әлемдік азық-түлік дағдарысын шешу, балық аулауға субсидиялар, ДСҰ-ны реформалау, электрондық сауданы одан әрі дамыту және басқа да әлемдік сауда үшін бірқатар маңызды мәселелерді қарастырады. Бұл іс-шара әлемдік сауда саясатындағы маңызды оқиға болып табылады және таяудағы бірнеше жылға бүкіл әлемнің сауда жүйесінің дамуын айқындайды.

 984 Total Views,  2 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Өзге де жаңалықтар