Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жалған нұсқаулар: телефон алаяқтарының жаңа қулығы - АРҚА АЖАРЫ

Жалған нұсқаулар: телефон алаяқтарының жаңа қулығы

 Төтенше жағдайдың енгізілуіне және Интернеттің қосылуына байланысты Қазақстанда орын алған соңғы оқиғаларға байланысты көптеген қазақстандықтар түрлі алаяқтардың алдауына тап болды. Fingramota.kz сізге алаяқтарды кейбір сипаттамалары бойынша қалай тануға болатындығын айтады.

 Жалған колл-орталықтары

 Банк клиенттеріне бірінші болып қоңырау шалған «банк менеджерінен» гөрі, азаматтардың өздері алдымен хабарласа алатын жедел желі операторы көбірек сенім тудырады. Сондықтан алаяқтар адамдарға жалған                                   колл-орталықтарға жүгініп, олардың қызметкерлерінің нұсқауларын  орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Мысалы, қаскүнемдер әлеуетті жәбірленушімен  байланысқа шығу үшін оның ұялы телефонына банктің атынан қоңырау шалып, маңызды ақпаратты хабарлап, қызықтырып, сосын бірден байланысты үзіп жібереді. Клиент көрсетілген нөмірге қайта қоңырау шалады, оған алдымен осы банктің «жауап беру құрылғысы», содан кейін жалған оператор жауап береді.

Қаржы алаяқтары жәбірленушіден ақша немесе олардың шотына қол жеткізу үшін деректерін алу үшін осындай айла қолданады. Бұл ЖСН, төлем картасының немесе шоттың толық деректемелері, оның ішінде CVV/CVC коды, сондай-ақ SMS-хабарламаның коды. Ол үшін олар әлеуметтік инженерия әдістерін, яғни психологиялық әдістер мен манипуляцияларды пайдаланады, содан кейін қалағанын алғаннан кейін қаскүнемдер шоттағы барлық қаражатты оңай қолма-қол ақшаға айналдыра алады, жалған несие рәсімдей алады немесе төлем картаңыздың деректерін пайдалана отырып, онлайн-сатып алулар жасай алады.

Электрондық пошта немесе SMS арқылы хабарламалар

Алаяқтар әр түрлі хабарламалар жібере алатын кез келген «жалған»  нөмір жасай алады. Олар банктің колл-орталығының қысқа нөмірін де ауыстыра алады – заманауи технологиялар мұны көп күш жұмсамай-ақ жасауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда қаскүнемдердің өздері басқа қалада немесе тіпті басқа елде болуы мүмкін.

Мысалы, SMS арқылы банктен біреу сіздің онлайн-банкингіңізге кіруге тырысқаны немесе сіздің шотыңыз бойынша күдікті операция тіркелгені туралы және ақпаратты нақтылау үшін банктің жедел желісіне осындай нөмір бойынша қоңырау шалу немесе сілтеме бойынша өту қажет деген сияқты хабарлама келеді.

Хабарламалар электрондық пошта арқылы да келуі мүмкін. Мысалы, қандай да бір банктік қызметке жазылу жүргізілді, төлем жақын арада есептен шығарылады, ал оның күшін жою үшін хатта көрсетілген нөмір бойынша банктің колл-орталығына қоңырау шалу қажет.

Егер банк клиенттері алаяқтардың жалған нөмірлеріне қоңырау шалып, жалған операторлардың нұсқауларын орындаса, олар алаяқтарға жеке және төлем деректерін өз еріктерімен жібереді.

Fingramota.kz-тен кеңестер: қалай телефон алаяқтарының құрбаны болмау керек

  1. Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтеріңізді айтқаннан гөрі, сөйлесуді тоқтатқан дұрыс

Банктік қосымшалардың ПИН – коды, парольдары, төлем

картасының артқы жағындағы үш мәнді код,  SMS-кодтар – бұл құпия ақпарат, Сіз  оны құпия ұстауыңыз керек және ешкімге, оның ішінде банк қызметкерлеріне де хабарламауыңыз керек.

Есіңізде болсын, банк қызметкерлері, банктердің колл-орталық операторлары бұл ақпаратты ешқашан телефон арқылы сұрамайды. Бұл тек алаяқтар үшін қажет.

Нағыз банк менеджеріне  аты-жөніңізді; төлқұжат деректеріңізді; қандай карталар ресімделгенін; оларда қанша ақша қалғанын нақтылау үшін Сізге қоңырау шалудың қажеті жоқ. Банкте Сіздің толық қаржылық досьеңіз – кредит тарихыңыз бар.

Сізге банк менеджері немесе алаяқтың қоңырау шалғанына көз жеткізу үшін, Сіз өзіңізге қызмет көрсететін банктің сенім телефонының нөмірін теруіңіз керек. Бірақ ешқашан қоңырау түскен немесе электрондық пошта арқылы түскен SMS-хабарламада көрсетілген нөмірге емес.

  1. Егер Сізді телефон арқылы қорқытуға тырысса, үрейге берілмеңіз

Сіздің картаңызбен күрделі проблема орын алғаны туралы алаңдатарлық мәлімдемеге ең жақсы жауап: «Мен қазір банкке қоңырау шаламын немесе оны тексеру үшін барамын». Қоңырау шалушы бірден қоңырауды үзетініне сенімді болыңыз. Карта иесін қорқыту – бұл өте кең тараған қулық. Әртүрлі жағдай ойлап табулары мүмкін:

«Біреу сіздің картаңызбен күдікті транзакциялар жүргізуде»;

«Шұғыл! Сіздің шотыңыздан/карточкаңыздан n сома есептен шығарылды, ақшаны дереу уақытша шотқа аудару қажет»;

«Сіз бес минут бұрын кредит алуға өтініш бердіңіз бе? Егер сіз бермесеңіз, оны болдырмау үшін шұғыл түрде сіздің деректеріңіз қажет»;

«Сіздің картаңыз бұғатталған, оны бұғаттан шығару үшін телефоныңызға коды көрсетілген SMS келеді, оны атаңыз» және т.б. Алаяқтардың басты мақсаты сізді қорқыту, сізді күйгелектетуді жеңілдету үшін тепе-теңдіктен шығару.

Егер сіздің картаңызбен қандай да бір проблемалар туындаса, онда банк оны өзі бұғаттай алады және бұл туралы шартта көрсетілген арна бойынша хабарлама жіберуі мүмкін. Ең дұрысы, банк бөлімшесіне өзіңіз қоңырау шалып, хабарламаны шынымен жіберген-жібермегенін нақтылау қажет.

  1. Егер қоңырау шалушы телефонға белгілі бір қосымшаны жүктеуді сұраса, оны жасамаңыз

Қоңырау шалушының сөздері сендірерліктей естілсе де, оған сенбеңіз. Алаяқтар сізді зиянды қосымшаларды жүктеп алуға көндіруге тырысуы мүмкін, олардың көмегімен сіздің гаджетіңізге және тиісінше ішіндегі барлық мәліметтерге қашықтан қол жеткізе алады. Егер сізде әлі де антивирустық бағдарлама болмаса, оны сіз қолданатын барлық құрылғыларға шұғыл түрде орнатыңыз.

 Хабарламалардағы күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз

 Электрондық хаттар мен SMS-хабарламалардағы күмәнді сілтемелер арқылы ешқашан өтпеңіз. Оларға пайдаланушының дербес деректерін ұрлайтын зиян бағдарлама кіріктірілген болуы мүмкін. Сілтемені өз танысыңыздан алсаңыз да, ол арқылы өтуге асықпаңыз. Кибералаяқтар бөтен аккаунтқа кіріп, хат таратуы мүмкін. Мысалы, сіз досыңыздан сілтеме арқылы өтіп, оған онлайн-конкурста қолдау көрсету туралы хат алдыңыз. Асығып, бірден сілтемені басудың қажеті жоқ. Мұндай сілтемелердің артында қауіпті бағдарламалар жасырынып тұруы мүмкін.

  1. Мұқият болыңыз және ақпаратты қайта тексеріп отырыңыз

Телефон алаяқтары сіздерді сендіруге қатты тырысады да, ойлануға және талдауға және ақпаратты қайта тексеруге уақытыңыз болмайтындай, түрлі айлаларды пайдаланып, сізді әдейі асықтырады. Бірақ мәселе ақшаға қатысты болса, асығыстық танытпау қажет. Алаяқтар әрқашан ақша туралы сөз қозғайды, осыны есте ұстаңыз!

Олар күн сайын жаңа алдау сызбаларын ойлап табуда. Сізге қоңырау шалып, жазып құпия мәліметті сұрайтын бейтаныс адамдарға сенбеңіз. Ақпаратты қайта тексеріп отырыңыз, олардың атынан өкілдері қоңырау шалып отырған банкке немесе өзге ұйымға қайта қоңырау шалыңыз. Өзіңізге және дербес деректеріңізге абай болыңыз!

Өз қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар