— Еуропада бұл аурудың 900 дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат еuronews.com агенттігіне сілтеме жасап.
Сейсенбіде ЕО денсаулық сақтау министрлерінің кездесуінде денсаулық сақтау және тұтынушылар құқығы жөніндегі комиссар Стелла Кириакидес бүкіл Еуропалық Одақ үшін жаңа қауіптен қорғаудың бірыңғай шараларын жариялады.
«Мен маймыл шешегіне қарсы 110 мыңға жуық вакцина сатып алу туралы келісімге қол қоямын. Одаққа мүше елдерге алғашқы жеткізілім маусым айының соңында басталады», — деді Стелла Кириакидес.