Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Премьер-Министрдің орынбасары Ақмола облысында халықтың табысын арттыру бағдарламасының мәселелері бойынша кеңес өткізді - АРҚА АЖАРЫ

Премьер-Министрдің орынбасары Ақмола облысында халықтың табысын арттыру бағдарламасының мәселелері бойынша кеңес өткізді

Көкшетауда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес өтті. 

Оған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері және т.б. қатысты.

«Бағдарлама индустрияландырумен және экономиканы әртараптандырумен, кәсіпкерлікті дамытумен ұштасатын халықтың табысын арттыруға және өнімді жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар жаңа өнеркәсіп кластерлерін құру, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдауды қамтамасыз ету, ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ қарсы міндеттемелерді іске асыру есебінен жұмыспен қамтудың түрлі шаралары кеңінен қолдану жоспарланып отыр. Жалпы биыл бағдарлама бойынша 444 мың орын құру болжанып отыр, оның 178,5 мыңы іске қосылған», — деді Ералы Тоғжанов.

Отырыс барысында әр бағыт бойынша облыс әкімі Ермек Маржықпаев баяндама жасады.

Оның айтуынша, өңір экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы.

«Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 745 млрд теңгеден асты. Биыл жаздық егіс көлемі 5,1 млн га-ға дейін ұлғайтылды, бұл орайда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алаңы 4,6 млн га-ға дейін кеңейтілді», — деді өңір басшысы.

Облыста халықтың табысын арттыру және өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл орташа жалақы 22%-ға өсті. Халықтың табысы да артты.

Сондай-ақ кеңесте «Ауыл Аманаты» жобасы ұсынылды, оның бастамашысы – «Аманат» партиясы. 2 400-ден астам ауыл әкімдерін оқыту жоспарланып отыр.

Іс-шара барысында Ақмола облысы әкімінің агроөнеркәсіп кешені жобалары жөніндегі орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов, Целиноград ауданы Мәншүк ауылдық округінің әкімі Ғани Исаев сөз сөйледі.

Кеңестің екінші бөлімінде «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Анар Рахимбаевамен, білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповпен отбасы және жетімдер мәселелері қаралды.

Іс-шара соңында вице-премьер барлық қабылданып жатқан шаралар мен бастамалар бірінші кезекте халықтың табысын арттыруға және жұмыс орындарын құруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Дереккөз: primeminister.kz 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар