Аршалы ауданында 12 жасар қыз Есіл өзеніне батып кетті

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай маусымның 14-де сағат 19:39 шамасында Жібек жолы ауылындағы Silk Way демалыс аймағында орын алған.

«Анықталғандай, ата-анасының қарауынсыз қалған 2010 жылғы қыз бала жабдықталмаған жерде суға шомылмақшы болып, өзенге батып кетті. Шақырту орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді. Қыздың денесі сағат 20:58-де судан табылып, жағаға шығарылды», – деді ведомстводан.

ТЖД-нен атап өткендей, биылғы жылғы мамырдың 21-де демалыс аймағының су қоймасына тексеру жүргізілді. Соның қорытындысы бойынша суға шомылуға жарамсыздығы туралы акт берілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар