Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төрт айдың қорытындысы көңіл көншітерліктей - АРҚА АЖАРЫ

Төрт айдың қорытындысы көңіл көншітерліктей

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңының қонағы болған Степногрск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов қаланың 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

– Ағымдағы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі индикаторлары орындалды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алға қойған тапсырмаларды орындау  барысында нәтижелі жұмыс жүріп жатқанын айғақтайды, –деп бастады сөзін Алпысбай Қайыржанов.

Өнеркәсіп кәсіпорындары өткен жылғыдан 1,9 есеге көп өнім өндірді. Оның ішінде өңдеу саласында 151,4 пайыз көрсеткішке қол жетсе, ол 20 пайызға тең. Жалпы, Степногорск қаласының Ақмола облысы бойынша өнеркәсіп өндірудегі үлесі 17,7 пайыздан 26,5 пайызға өсті. Мұндай оң көрсеткіштерге «Қазақалтын» компаниясының 117 пайыз, «Степногорск Тау кен Химиялық комбинаты» компаниясындағы уран өндірудің 167 пайыз, «ЕПК Степногорск» компаниясындағы подшипниктер 120, «Astana Nan Chemikalz” компаниясындағы пестицид 207, «Альфа Органик» спирт зауыты» компаниясының этиль спирті 4,8 есе, «Сареко» компаниясындағы  сирек кездесетін металдардың ұжымдық концентраттары 169 пайыз өнім өндіруі арқасында қол жетті. Сондай-ақ, «Ақсу Technoloqy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еріген алтын өндірісін іске қосып, қала тауар өндірісінің 31,4 пайызын құрауы, бұрыннан жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың өнім шығару көлемін көбейтуі де оң әсер етті.

Қала әкімі  индустриалды-инновациялық даму шеңберінде осы жылы жүзеге асырылатын  жобаларды да атап өтті. Олардың қатарында жылына 350 мың тонна кен өңдейтін «ADELIA GOLD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кен байыту модельдік фабрикасы; «Нефтяной дом Астана Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дизельдік отын сапасын жақсартуға бағытталған шағын мұнай өңдеу зауыты сияқты жобалар бар. Шағын және орта бизнесте түрлі салаларда 3366 шағын және орта бизнес субъектілері немесе ағымдағы жылдың 4 айына 102,4 пайыз қызметін жүзеге асырады. Жұмыс істеп тұрған субъектілерде жыл басынан бері 235 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Кәсіпкерлікті дамытуға арналған Ұлттық жоба аясында 2021-2025 жылдары 40 жобаға субсидия беріліп, 2 грант бөлінеді, 10 шағын несие берілді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында көп жылдық негізде апта сайын жәрмеңкелер өткізілді. Дәлірек айтсақ, 17 жәрмеңке өткен. Ауыл шаруашылығында мал басының өсімі бар.

1131 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, ол 2021 жылдың сәйкесті уақытымен салыстырғанда 103,9 пайызға тең. Сәуір айында екі 45 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы  басталған.

Одан әрі А.Қайыржанов 1485 адамға әлеуметтік көмек, 156 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілгенін айтып, білім, мәдениет, денешынықтыру салаларындағы жетістіктерге тоқталып, журналистердің қалаға жылу беру, туризмді дамыту, елді мекендерге тарихи атауларын қайтару, қала мен қалаға қарасты Бестөбе, Шаңтөбе сияқты ауылдардың жолдары мен су желілерін жөндеу барысы туралы сұрақтарына жауап берді.

                                             Серік САПАРҰЛЫ,

                                                 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар