Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Медицина қызметкері күнімен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Сіздер адамның өмірі мен тағдырына барынша жауапты мамандықтың иесі болып саналасыздар. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік іргетасы» атты халыққа Жолдауында: «Медицина саласы ауқымды қаржыландыруды қажет етеді.
Әңгіме инфрақұрылым, кадрлық ресурстар, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету»,–деп атап көрсеті. Тәуелсіз елімізде денсаулық саласын дамытуға әрдайым көңіл бөлініп келеді және ол әлеуметтік басым бағыттардың бірі болып саналады.
Біздің облысымызда денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша көңіл бөлініп, осы саланың дамуы үшін қажетті қаржы бөлу жыл сайын артып келеді. Тек өткен жылы ғана ол шамамен 10 миллиард теңгені құрады. Бұл қаражат денсаулық сақтау нысандарын салуға және жөндеуге, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.
Соңғы уақытта облыстың қалаларында да, аудандарында да медицина қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өсті. Бүгінде облыстың денсаулық сақтау саласында 12 мыңнан астам адам еңбек етеді.
Құрметті дәрігерлер, медбикелер, акушерлер, санитарлар!
Сіздер азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын қорғау жолында жанқиярлық танытып, коронавирустық пандемия сынынан абыроймен өттіңіздер. Ал, бүгінде сіз кәсіби борышыңызды сақтай отырып, жұмысты жауапкершілікпен жалғастырып жатырсыз. Ол орасан зор күш-қуат пен сезімталдықты қажет етеді. Бірақ, сіздің жұмысыңыздың нәтижесі – жүздеген науқастардың сырқаттарынан айығуы арқылы барлық күш-жігерді ақтайды.
Сіздің жоғары кәсібилігіңіз, шыдамдылығыңыз бен жанашырлығыңыз, жылы лебізіңіз, табандылығыңыз бен төзімділігіңіз үшін шын жүректен алғыс айтуға рұқсат етіңіз. Ақмола медицинасының қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан сала ардагерлеріне айрықша алғыс сөздер айтқым келеді.
Осы кәсіби мерекеде Сіздерге де және жақындарыңызға да зор денсаулық, бақыт және отбасылық береке-бірлік, қиындығы мол қызметтеріңізге сәттілік, игі істеріңізге табыс тілеймін!
***
Құрметті денсаулық сақтау жүйесінің
қызметкерлері мен ардагерлері!
Дәстүр бойынша жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл мерекеде біз заманымыздың нағыз батырлары, жүздеген адамдардың өмірін құтқаратын ақ халатты абзал жандарды құрметтейміз.
Қазіргі уақытта дәрігер мамандығынан маңыздысы жоқ. Күн сайын сіздер адам өмірін құтқарасыздар, алғашқы медициналық көмек көрсетесіз, аурудың сипаты мен оны емдеу жолдарын анықтайсыздар. Соңғы екі жылда, бүкіл әлем коронавирустық пандемиямен күрескен кезде, медицина қызметкерлері алдыңғы қатарда болып, жасырын инфекцияның соққысын қабылдап, көзге көрінбейтін жаумен батыл күрес жүргізді.
Әрқайсыңыз жүрек қалауымен өз тағдырыңызды терең білімді, ерекше еңбекқорлықты, ең бастысы – сезімталдықты, жауапкершілікті және гуманизмді қажет ететін осы асыл кәсіппен байланыстырдыңыздар.
Облыстың денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан, жерлестеріңіздің өмірін сағат сайын құтқарып жүрген, озық технологияларды енгізіп, жас әріптестеріңізге тәжірибе беріп отырған сала ардагерлеріне жеке алғыс сөздерін айтқым келеді.
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, табыс, оптимизм және емделушілеріңіздің ризашылығына бөлене беріңіздер. Сіздерде және отбасыларыңызда амандық пен тыныштық болсын! Мереке құтты болсын!
Талғат ЖҮНІСОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.