Жеңісті күндерде жүздесе берейік

Көкшетау қаласындағы «Дарын» спорт кешенінде мемлекеттік рәміздер күнін атап өту аясында биылғы жылы Республикалық және халықаралық додаларда облысымдың  намысын қорғаған, спорттан жетістікке жеткен жеңімпаздарымен олардың бапкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Аталған шараға облыс әкімі Ермек Маржықпаев, облысымыздың прокуроры Айдос Майлыбаев, полковник, « Жекпе-жек өнер ассоциаясының құрметті президентті Сандыбек Қасенов, полиция департаментінің басшысы Думан Таев тағы басқа тұлғалар құрметті қонақ болды.

Шараны облыс әкімі өзінің құттықтау сөзімен бастап берді.Кездесу барысында жүлдегерлер мен жеңімпаздардың ерен еңбегін бағалағанының дәлелі ретінде, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

–Біздің елдің намысын алыс, жақын шетелдерде қорғап жүрген спорт дүлділдерінің көптігі қуантты. Біз сендерге сенеміз. Сендер өнер көрсеткен әр додада ел болып тақым қысып, сендерге жанкүйер болып, қобалжып, толқып отырамыз. Біздің Ақмола облысының намысын қорғап жүрген сендерге үлкен рахмет. Сендер елдің мақтанышысыңдар. Жеңісті күндерде жүздесе берейік, – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

Шараның қортындысы ретінде «Дарын» спорт кешенінің басшысы облыс әкімін жаңада салынғалы отырған «Дарын ІІІ» спорт кешенінің макетімен таныстырды.

Абылайхан ӘШІМХАН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар