КӨКШЕТАУДА АУҚЫМДЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ БІРІ БАСТАЛЫП КЕТТІ! ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ!

Қасым-Жомарт Тоқаев:
Бұған дейін де айттым: Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ. Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет.
(«Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан. 28 қазан 2026 жыл).
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов:
«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз сапары кезінде Көкшетауға жаңа қазақ театрын салу жөнінде айтып, тапсырма берді, қолдауын көрсетті! Сол үшін Мемлекет басшысына ризашылығымызды білдіреміз! Ежелден сал-серілердің, ән мен жырдың ордасы болып келе жатқан Көкшетауға жаңа театр керек-ақ еді!»
Возможно, это изображение один или несколько человек и текстБҮГІН (3 қараша, 2026 жыл) Көкшетауда қайырлы бір маңызды іс басталды. «Арқаның кербез сұлу Көкшетауының» (Сәкен) сексен көлінің бірі Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласының бір мүйісінде айнадай жарқырап жатар Қопа көлінің жағалауында Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры құрылысының алғашқы қазығы қағылды.
*** Әріден сөз бастасақ, осыдан бір-екі жыл бұрын осы Қопа көлінің жағалауына адам баласы барып болмайтын еді. Көл жағалай ертеде қарағайдан бұрап салынған ағаш үйлердің негізгі сүйегі шіріп, жартылай жерге батып, бірі құлап, бірі жантайып, әбден тозығы жеткен және де көлдің жағалай айдынын балдыр басып, қамыс қаулап кеткені бар-ды.
Міне, осы Қопа көлінің жағалауы дәл бүгінгідей жайнап, жарқырап, Көкшетау қаласының сәні мен сәулетін, ажарын аша түсер деген ой үш ұйықтасаң да, түске кірмеген шаруа еді.
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст Алайда, жақсы бір іс болды! Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тікелей басшылығымен, жанашырлығымен, ел мен халық алдындағы жауапкершілікті айқын сезіне білер қасиетінің арқасында Қопа көлінің және оның қорыс пен қамыс басқан жағалауының «бағы» жанды! Көкшетаулықтардың бағы жанды! Қазір Көкшетау қаласының «Жағалау» атты демалыс аймағының даңқы бүкіл Қазақстанға мәлім!
 Міне, сол Қопа көлінің жағалауына тағы да өнер ордасының-Қазақ театрының қазығы қағылды!
 Жаңа театрдың ірге тасының қалану рәсіміне көкшетаулықтары қуана жиналды. Әннен де, құрт-кәмпиттен де шашу шашылып жатты. Ең бастысы көшкетаулықтардың көңіл-күйлерінің асқақтай түскенін көрудің өзі бір ғанибет еді!
Возможно, это изображение план этажа и текст -Күні кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуы керек деген болатын.Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау үшін міне, бүгін қазақ театрының жаңа ғимаратының қазығын қаққалы отырмыз, -деді Ақмола облысының әкімі марат Ахметжанов. – Көкшетауға жаңа театр салу керектігін Президентіміз өзі айтып, бізге тапсырма берген болатын. Біздің облысымызды қазірдің өзінде ауқымды құрылыс алаңына айналды деуге болады. Көкшетауда төбесі жабық, осы заманғы стадион салатын боламыз. Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі техникалық лицей, Бурабайда конгесс-хол салынады. Бұдан өзге аудан ортылықтары мен елді-мекендерде де халыққа қажетті нысандар құрылысы қолға алынады. Мұның барлығы да біздің ұрпақтарымыз үшін керек! Болашақ үшін керек!
 Әлқисса, Қазақстанның солтүстік аймақтарына қазақ театрларының кешеуілдетіп келгені бар. Мысалы, Көкшетаудағы Ақмола облыстық қазақ драма театрының құрылғанына биыл 30 жыл! Тәуелсіздіктің елең-алаң тұсында әуелі босап қалған ведмостволық мәдениет үйін, онан соң компартияның бұрынғы саяси-ағарту үйінің ғимратын паналады. Күні бүгінге шейін сол ғимаратта отыр.
 Әрине, театр құрылымының талбына сай емес осы ғимаратта да өнер жанкештілері қазақ театрының шырағын жағып, елдің еңсесін көтеріп, рухын асқақтатып-ақ келеді. Енді, міне, осы заманнның талаптарына толық сай келетін, сәулеті де әбден жарасымды жаңа Қазақ театрының алғашқы қазығы қағылды! Жаңа театр тура бір жылдан соң, 2027 жылдың қараша айында іске қосылады деп күтілуде.
 Көкшетаулықтар Мемлекет басшысы мен өңір басшысына дән риза!
Құтты болсын, ардақты елім!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар