Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тең құқықтар, тең мүмкіндіктер - АРҚА АЖАРЫ

Тең құқықтар, тең мүмкіндіктер

«Bolashaq» сарайында облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен кедергісіз ортаны қалыптастыру, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру, заңнамаға өзгерістер енгізу бағытында «Тең құқықтар, тең мүмкіндіктер» атты форум болып өтті. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева қатысты.

Форумның  ашылуында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау басым бағыттардың бірі екенін баса айтқан өңір басшысы, әр ауданда әкімнің қамту мәселелері бойынша штаттан тыс қызметкері бар екенін және олардың арқасында көптеген міндеттер жер-жерде тез шешімін тауып жатқанынан хабардар етті.

– Соңғы жылдары ерекше жандарға көмек көрсетуге бағытталған жобаларды қаржыландыру 1,5 миллиард теңгеге дейін өсті. Түрлі мекемелерде жұмыс орындары ашылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 100 арба жөндеу және 1300 әлеуметтік маңызы бар нысанды толық қолжетімді ету жоспарлануда. Облыста 4 мамандандырылған мектеп-интернат, 19 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 15 инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті жұмыс істейді. 3 мыңға жуық мүгедек жандар жұмысқа орналастырылды. 1700-ге жуық адам спортпен шұғылданса, оның 350-ден астамы «Мерген» спорт клубында жаттығады. Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев өңіріміздің мақтанышы, – деді Ермек Боранбайұлы.

Форум жұмысына қатысқан депутат Ләззат Қалтаева заңнамадағы өзгерістер туралы ақпаратымен бөлісті:

– Мүгедектердің мемлекеттік органдарға қатысуы заң жүзінде бекітілгеніне қолжеткіздік. Қазіргі уақытта такси компанияларында жүріп-тұруы шектеулі тұтынушылар үшін автокөліктердің болуы үшін заң жобасы қарастырылуда. Егер бұрын 30 көліктің біреуі осыған арналған болса, енді әрбір оныншы көлік арнайы адаммен жұмыс істеуге дайын болуы керек. Алматы мен Оралда ұстау жағдайлары үйге жақын болуы үшін 20-30 адамға арналған шағын медициналық-санитарлық мекемелердің құрылысы басталып жатыр. Сондай-ақ, интеллектуалдық, көру және есту қабілеті бұзылған адамдардың ақпаратқа қол жеткізуінде проблемалар бар. Елімізде әртүрлі адамдардың құқықтары тең, демек, оларға тең мүмкіндіктер жасау керек, – деді ол өз сөзінде.

Ақмола облыстық «Бірлік» мүгедектер одағының басшысы Рамазан Мұқатаев өңіріміздегі мүгедектер одағының жұмысы туралы баяндаса, мамандық таңдау және толыққанды еңбек қызметі үшін қажетті дағдыларды алу мәселелерін педагогикалық инновациялық зертхана меңгерушісі Гүлмира Рақышева және жоғары техникалық колледж басшысының орынбасары Нартай Ыбыраев атап өтті.

– Қазіргі таңда колледжде ерекше білім беруді қажет ететін 43 студент білім алуда, оның 12-сі ақпараттық жүйе мамандығы бойынша оқытылып жатыр. Қалғандары үшін жалпы топтарда оқуға жағдай жасалған. Сондай-ақ, колледж ғимаратында кедергісіз орта жасалып, сурдоаудармашы, әлеуметтік-педагогикалық қызмет жұмыс істейді және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды, – деді Нартай Ерназарұлы.

Әкімнің мүгедектер мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Шанс» оңалту орталығының төрағасы Василий Шиманский өңірде ҮЕҰ үлкен рөл атқаратын жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанынан хабардар етті.

– Бүгінгі таңда барлық аудандарда әкімдердің кеңесшілері белсенді жұмыс істеуде, кедергісіз орта қалыптастыруға бағытталған 3 жоба жүзеге асырылуда. Уақыт өте келе мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген көзқарас өзгереді, бізде өзін-өзі тану перспективалары бар және бұл әрбір адам үшін өте маңызды, – деді Василий Шиманский.

Форум барысында қазақ зағиптар қоғамы Ақмола филиалының төрайымы Мария Тәнібергенова, «Ерекше өмір» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау жөніндегі ақпараттық-үйлестіру ресурстық орталығының жетекшісі Әлия Рақымбекова, Паралимпиадалық спорт түрлері федерациясының төрағасы Талғат Уаисов және тағы басқалары облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Айтулы шараның соңында Ү.Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әртістері әлемдік эстрададағы хит әндерді орындап, форумға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Наталья ЯКОВЛЕВА,

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

 Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар