Балық шаруашылығының проблемалары қаралды

Облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес депутат Мұрат Шәмшінұровтың төрағалығымен заңдылық және өңірдің нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Онда «Ақмола облысының балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы туралы» мәселе қаралды.

Қаралған сұрақ бойынша Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Болат Тоқышевтің, «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ басшысы Нығмет Қауашевтің есептері тыңдалды. Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері де қатысты.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының өкілдері облыстағы уәкілетті органдар өңірлерде балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша жұмыстарды толық көлемде жүргізбейтінін, әлі де проблемалар мен олқылықтар бар екенін атап өтті.

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына, «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ келесі ұсынымдар енгізілді: балық өсіру үшін жер учаскелерін беруді одан әрі ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру; балық шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаражатты және саланы несиелендіру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; су қоймаларын бекіту туралы қаулыларға уақытылы қол қоюды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, өсірілген балық бойынша жоспарға түзету енгізуі керектігі айтылды.

Комиссия отырысының нәтижелері бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар